Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев мемлекеттік қызметшілерден
құралған футбол командасымен көршілес Талас ауданының орталық
стадионына бастап барды.
Таластық ойыншылар Қанатбек Мәдібек ойынға құрған жоспарын орындауға
асықты. Қос әкімнің салауатты өмір салтын ұстануға, дене шынықтырумен
шұғылдануға деген ынта-жігері, қызығушылығы алаңда теңбіл допты
ұршықша иірген футболшыларға серпін берді.
Алаңда аудандардың аппарат басшылары, ауыл әкімдері, бөлім басшылары,
бас мамандар мен инспекторлар ойын көрсетті.
Жолдастық ойында достық жеңіске жетті!