• RU
Суббота, 28 марта, 2026
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result

Жамбыл облысында 5 айда айыппұлға байланысты 3,5 млрд теңге түсті

Ел ішінде «Сергек» камерасы туралы әңгіме өте көп. Айыппұлдарға байланысты миллиардтаған қаржылар түсіп жатыр. Алайда айыппұлдан түскен қаржы қайда жұмсалады? Бюджетке түсе ме? Жоқ, әлде басқа жаққа жұмсала ма?

by Jasyn
06/07/2024
in салық, Топ
0
Жамбыл облысында 5 айда айыппұлға байланысты 3,5 млрд теңге түсті

Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті XV сесиясында депутат Жанат Бастаубаева осы айыппұл мәселесін көтерді.

— Салықтық және салықтық емес түсімдердің нақты мақсаты жоқ, — деді бұл сұраққа жауап қатқан Жамбыл облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиева. — Ал, трансферттер нақты мақсатпен келеді. Трансферт — бұл республикадан келетін қаржы. Иә, нақты мақсатпен келмейтін трансферттер де бар. Бұл — субвенция. Мысалы, біздің бюджеттің 23 пайызы өзіндік кіріс. Қалған бөлігі трансферттер. Яғни, 67 пайыз қаржыны республикалық бюджеттен алып отырмыз. Сол 67 пайыз қаржының шамамен 50 пайызы, яғни, 426 млрд теңгесі бұл субвенция. Субвенцияның нақты мақсаты жоқ болғандықтан 3 жылға есептеледі. Біз оны министрлікке барып қорғаймыз. Және бұл біздің кірісіміз бен шығысымыздың арасындағы айырма. Нақтырақ айта кетсем, Жамбыл облысы жалпы 700 млрд теңге жаратады. Өзіндік кірісіміз 159 млрд теңге. Соның айырмасын бізге трансферт қып береді.

Бұл мәселеге талдау жүргіздік. Бізде қазір шығыстар 684 млрд теңге көлемінде. Және бұл қаржының 49 пайызын жалақы құрайды.

Енді айыппұл — салықтық емес түсімдерге жатады. «Сергек» камераларын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында қосқан кезде оның құны 5,6 млрд теңгені құраған. «Сергек» өткен жылы-ақ өз-өзін ақтады. Өткен жылы 8 млрд теңгеден аса айыппұл түсті. Яғни, «Сергекті» жасауға жұмсалған 5,6 млрд теңге әлдеқашан өз-өзін өтеді деген сөз.

Биылғы жылдың 5 айында 3,5 млрд теңге айыппұл түсті. Жылдық жоспар 7 млрд теңгеден аса болатын.

Байқасаңыздар, соңғы кездері полиция, төтенше жағдай, табиғат қорғау қызметтерінің бюджеті өсті. Осының бәрі сол айыппұлдың есебінен көтерілді. Полиция, төтенше жағдай, табиғат қорғау қызметтеріне көліктер алынып жатыр. Орманшылардың жалақысы 2 есеге өсті.

Биылғы айыппұлдар да бірнеше бағыттарға жұмсалып отыр. Оның ішінде әлеуметтік салада 8 мектепті, 3 модульдік кешенді, газ тарту жобасын қолдадық. Дегенменде айыппұлдан түскен қаржы нақты мынандай нәрсеге жұмсалып жатыр деп айтуға болмайды. Ол қаржыны бөлгенде сан салаға шашылып кетеді.

Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл облыстық мәслихатының XV сесиясында 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізілді.

 

Tags: «Сергек» камераайыппұл мәселесіайыппұлдан түскен қаржыдепутат Жанат Бастаубаеватрансферттер
Jasyn

Jasyn

Next Post
«Біз бұл қиындықты да бірге еңсереміз»

«Біз бұл қиындықты да бірге еңсереміз»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика
  • About
  • Advertise
  • Careers
  • Contact

© 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

No Result
View All Result
  • Home

© 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In