• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Спорт

Жамбыл облысында 34 заманауи спорт алаңшасы пайдалануға беріледі

Биыл Тараз қаласы мен аудандарда 34 заманауи спорт алаңшасы пайдалануға беріледі. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте айтылды. Басқосу барысында бұқаралық спортты дамыту шаралары қаралып, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы есеп берді.

by Jasyn
05/07/2024
in Спорт
0
Жамбыл облысында 34 заманауи спорт алаңшасы пайдалануға беріледі
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Биылғы жылы өңірде бұқаралық спортты дамыту үшін бюджеттен 418,5 млн теңге қарастырылып отыр.

І жартыжылдық қорытындысы бойынша облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 496 мың адамға жетті.

Бұқаралық спорттың дамуына тың серпін беру мақсатында облыстағы 153 ауылдық округ толықтай спорт нұсқаушыларымен қамтылған. Жалпы, өңірде 303 спорт нұсқаушысы бар, оның 250-і аудандарда еңбек етіп жүр. Өткен жылмен салыстырғанда спорт нұсқаушыларының саны 23 адамға өскен.

— Шалғай елді мекендерде ұйымдастырылатын спорттық іс-шаралардың саны ұлғайып, сапасы артып, қатысушылардың қатары көбейді. Спорт нұсқаушыларының жұмысы бұқаралық спорттың дамуына ықпалын тигізіп отыр, – деді басқарма басшысы Ернар Ибраимов.

Жалпы, жыл басынан бері салауатты өмірді насихаттау мақсатында  2 300-ден астам спорттық іс-шара ұйымдастырылып, оған 190 мың адам атсалысты.

17 спорт түрі бойынша 4-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер спорттық секцияларға тегін қатысуда.

Өңірде спорт нысандары бой көтеріп, ел игілігіне беріліп келеді. Бүгінде 15 спорт кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның 14-і биыл, қалған біреуі 2025 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Бұдан бөлек, Тараз қаласы мен аудандарда 34 заманауи спорт алаңшасы қолданысқа беріледі.

Тараз қаласы мен Т.Рысқұлов, Қордай, Байзақ аудандарында балалар мен жасөспірімдерге арналған дене шынықтыру даярлық клубы бар. Ағымдағы жылы Жамбыл, Жуалы, Меркі аудандарында аталған клуб ашылады деп күтілуде.

Соңғы мәліметтерге сәйкес халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейі 64,9 пайызды құрап отыр. Жыл қорытындысы бойынша бұл көрсеткішті 66 пайызға арттыру жоспарлануда.

— Басқарма құрылысы жүріп жатқан және қолданыстағы спорт нысандарына жүйелі түрде зерделеу жұмыстарын жүргізуі керек. Барлық жаңа нысандар мерзімінде әрі сапалы тапсырылуы тиіс.

Қазір мектеп оқушылары жазғы демалыстарын өткізуде. Олардың бос уақыттары жеткілікті. Балалардың спорт нысандарына барып, үйірмелерге қатысуына жол ашуымыз маңызды, – деді Ербол Қарашөкеев.

Басқосу барысында аудан әкімдері бұқаралық спортты дамыту мақсатында атқарылған жұмыстар мен жоспарларын баяндап берді.

Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі спорт алаңшаларына қайта түгендеу жұмыстарын жүргізіп, 1 апта ішінде қажеттілікті нақтылауды тапсырды.

 

Tags: бұқаралық спортты дамытуЖамбыл облысызаманауи спорт алаңшахалықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету
Jasyn

Jasyn

Next Post
Таразда жаңадан облыстық аурухана салу жоспарда бар ма?

Таразда жаңадан облыстық аурухана салу жоспарда бар ма?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Ресейлік бітімгершілік күштері Қазақстаннан кетті

Ресейлік бітімгершілік күштері Қазақстаннан кетті

3 года ago
Жамбылдық полицейлер жатақхана студенттерімен кездесу өткізді

Жамбылдық полицейлер жатақхана студенттерімен кездесу өткізді

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In