• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Жамбыл облысында 30-дан аса жүк көлігі діттеген жеріне жете алмай тұр

by Jasyn
06/03/2024
in Қоғам
0
Жамбыл облысында 30-дан аса жүк көлігі діттеген жеріне жете алмай тұр
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жамбыл облысында 30-дан аса жүк көлігі діттеген жеріне жете алмай жарым жолда қаңтарылып тұр. Олар Қырғызстаннан Ресейге халық тұтынатын таураларды жеткізуі тиіс деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Басылым дерегінше, шекарадан өткен көліктерді Меркі ауданындағы кірістер басқармасының мамандары тоқтатып 15 күннен бері тексеріп жатыр. Көлік иелері бұның заңсыз екенін жеткізді.

Қазіргі уақытта Меркідегі автотұрақта 32-жүк көлігі қаңтарылып тұр. Олар Қырғызстаннан тиелген тауарларды Ресейге жеткізуі тиіс. Алайда 15 күнен бері жолға шыға алмай отырмыз, дейді жүргізушілер.

Олар шекарадан өткізген көліктерді кірістер басқармасы неліктен ұзақ уақыт тексеріп жатқанын түсінбейтінін жасырған жоқ.

«Тексеріс болады деп бізді осында алып келді. Бірақ өздері әлі жоқ. Сосын амалсыз прокуратураға шағым түсірдік. Бірақ онда да нәтиже болмай жатыр. Біздің құжатымыз заңды. Бәрі дұрыс», — деді көлік жүргізушісі Владимир Чугуев.

Қырғызстандық жүргізушілер тауар тиелген машиналардың маңында жүруге мәжбүр екендерін атап өтті. Тонап кете ме деп қорқатындарын жеткізі.

Бүгінде барлығы көлікте түнеп жүр. Тамақты да далада ішеміз, дейді олар. Жүргізушілер жарты айдан бері әбден қиналғандарын мойындады. Оның үстіне автотұрақтағы әр жүк көлігіне күніне 4 мың теңге төлейді екен. Сондықтан белшемізден шығынға баттық деп жыларман күйде.

«Тамақтың өзіне 20-30 мың теңге жұмсадық. Автотұраққа әр көлікке ақша төлеп жатырмыз. Бұл жерде тек біз емес, тапсырыс беруші де шығынға ұшырап жатыр. Біз транзитпен кетіп бара жатырмыз. Кеден одағының не үшін құрылғанын түсінбедік. Бұл адамды қорлау ғой», — деді көлік жүргізушісі Виктор Рыжов.

Тасымалдаушылар кірістер басқармасының әрекеті орынсыз деген пікірде. Өйткені сұраған құжаттың барлығын көрсеткендерін алға тартып отыр.

Ал кірістер басқармасының өкілдері өздерінікінің дұрыс екенін мәлімдеді. Себебі, тауар мен құжаттың сәйкестігін қадағалау міндетіміз, дейді олар.

Ведомство дерегінше, тексеріс 15 күн емес, бір айға да созылуы мүмкін екен. «Жалған құжат бойынша ол жерде деректер бар. Сол деректермен тексеріс жүргіземіз. Егер анықталған жағдайда әкімшілік айыппұл салынады. 7 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін», — деді Меркі ауданы мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Елдос Байымбетов.

Кірістер басқармасының басшысы тексерістің ұзаққа созылуын маман тапшылығымен түсіндіріп отыр. Мұнда бар болғаны үш қызметкер екен. Күніне біреуі ғана жұмысқа шығады. Олар автотұрақтың ақылы екенін білмегендерін мойындады. Алдағы уақытта оны тегін қылуға уәде берді.

Ал жіпсіз байланған жүргізушілер бақылаушылар рұқсатын бергенше, осында күтіп тұра береді.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Денсаулық сақтау министрлігі аппаратына жаңа басшы тағайындалды

Денсаулық сақтау министрлігі аппаратына жаңа басшы тағайындалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбылда 4 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды

Жамбылда 4 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды

4 месяца ago
Елордадағы Нұр-Астана мешітінің атауы өзгерді

Елордадағы Нұр-Астана мешітінің атауы өзгерді

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In