• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Жамбыл облысында 16 шақырымдық айналма жол пайдалануға берілді

by Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
Жамбыл облысында 16 шақырымдық айналма жол пайдалануға берілді
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жамбыл облысында ұзындығы 16,1 шақырымды құрайтын «Тараз қаласының Қырғызстан шекарасына оңтүстік айналма автожолының» құрылысы толығымен аяқталды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мердігер – «Казахдорстрой» ЖШС жол салу бойынша құрылыс жұмыстарын 2019 жылы бастаған болатын. Жобаны іске асыруға «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 3,5 миллиард теңге қарастырылған.

«Автомобиль жолдарының ыңғайлы және кең желісі аймақтың экономикалық дамуына да ықпал етері сөзсіз. Көршілес Қырғызстан тұрғындары біздің облысымыздағы транзиттік жол арқылы өтеді. Осы орайда жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін және қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін айналма жол құрылысы 2019 жылы басталған болатын. Бұл екі ел – Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда қатынастарының артуына да оң әсер етеді деп сенемін. Сондай-ақ, 16 шақырымдық жол бойында кәсіпкерлік нысандары салынып, жаңа жұмыс орындары ашылатын болады, — деді Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өз сөзінде.

Аймақ басшысы мердігер компанияға құрылыстың сапасы үшін алғыс айтты.

«Көптеген жүргізушілер Қырғызстанға Тараз қаласы арқылы өтуге мәжбүр болып келді, бұл ұзақ уақытты алатын. Қаланы айналып өтетін жаңа бағыт кем дегенде бір сағаттық уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ірі жүк көліктері бұрынғыдай облыс орталығы мен Жамбыл ауданының жол бөліктерін зақымдамайтын болды»,- дейді көлік жүргізуші Сұлтан Ахметжан.

Жамбыл ауданының Құрметті азаматы Сабри Асанов облыс басшылығына халықтың қажеттілігіне бей-жай қарамағаны үшін ризашылығын жеткізді. «Бірнеше елді мекен осы маңға жақын жерде орналасқан. Енді ауыр жүк машиналары ауыл тұрғындарының мазасын алмайды», — деді ол.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Тараз қаласының 70 мыңға жуық тұрғыны «Алматы-Шымкент» бағытындағы темір жол желісінің арғы бетінде тұрады. Қаланың екі бөлігі арасындағы көлік қатынасы Абай көшесінде орналасқан жалғыз жол өткелі арқылы жүзеге асып келген. Соңғы жылдары көлік қозғалысы қарқындылығының 2-3 есеге өсуіне байланысты қолданыстағы жалғыз жол өткелі көлік ағымын игере алмай, салдарынан кептелістер мен жол көлік оқиғаларының орын алуы жиілеп кеткен болатын.

Осы мәселені шешу мақсатында Айша бибі көшесіндегі темір жолды қиып өтетін құрылысы аяқталмаған жол өткелі қайта жаңғыртылып, жобаның жалғасы ретінде республикалық маңызы бар «Тараз-Өтмек Қырғызстан шекарасы» автожолына жанасатын жаңа аталған айналма жол құрылысы жүргізілді.

Айналма жол облыс орталығы жолдарындағы көлік ағынын азайтуға, Тараз қаласы мен Жамбыл ауданының елді мекендері тұрғындарының көлік қатынасын қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

 

 

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Елімізде түрмеде отырған 33 мың адамның 20 пайызы кісі өлтіргені үшін сотталған

Елімізде түрмеде отырған 33 мың адамның 20 пайызы кісі өлтіргені үшін сотталған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Абай облысында оқушы қазақ халқының тарихындағы құқықтық деректерді зерттеудің виртуалды 3d тур әдісін жасады

Абай облысында оқушы қазақ халқының тарихындағы құқықтық деректерді зерттеудің виртуалды 3d тур әдісін жасады

2 года ago
В КАЗАХСТАНЕ НА 50% УВЕЛИЧИЛАСЬ СТИПЕНДИЯ СТУДЕНТОВ КОЛЛЕДЖЕЙ

В КАЗАХСТАНЕ НА 50% УВЕЛИЧИЛАСЬ СТИПЕНДИЯ СТУДЕНТОВ КОЛЛЕДЖЕЙ

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In