Құжаттарын тексеру барысында жүргізушінің кәмелеттік жасқа толмағаны және көлік жүргізу құқығы болмағаны белгілі болды. 15 жастағы бала әкесінің көлігін үйінің алдынан рұқсатсыз айдап кеткен.
Жасөспірімнің заңды өкілі — әкесіне қатысты кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағаны және заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін 2 әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.
Іс материалдары процессуалдық шешім шығару үшін кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды. Еске сала кетсек, Жамбыл облысының аумағында 18 ақпаннан бастап «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.