Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.
11 сәуірдегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары «қызыл» аймақта тұр.
«Сары» аймақта Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау облыстары орналасқан.
Қалған барлық өңір — «жасыл» аймақта.