• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Энергия үнемдеу

Жамбыл облысы «Жасыл экономика» бағдарламасын жүзеге асыруға қолайлы аймақ қатарында

by Jasyn
06/03/2024
in Энергия үнемдеу
0
Жамбыл облысы «Жасыл экономика» бағдарламасын жүзеге асыруға қолайлы аймақ қатарында
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Жасыл экономиканы» дамыту әлі күнге өзекті. Бұл мәселе Үкімет отырыстарында да жиі көтеріліп, инвесторлар тарту арқылы табиғат көздерінен энергия өндіруді қолға алу жиі сөз болып келеді. Жаңартылатын энергия көздерін дамыту және республикамызда төмен көміртекті экономикаға көшуі мәселелері қаралған тұста да бұл мәселе ғалымдардың назарынан тыс қалмағаны белгілі. Атап айтсақ, «Жасыл экономиканы» дамыту және жаңартылатын энергия көздеріне шетелдік инвестицияларды тарту перспективалары туралы 26-шы климаттық саммитте де бұл жан-жақты талқыланған болатын. 

Қазіргі таңда облысымызда жел мен күннен және судан энергия өндіретін 327,6 МВт-тық 17 станса жұмыс істеуде. Бұл республика бойынша 21%-ы құрайды. Облыс аумағында орналасқан 5 күн, 6 су электр және 6 жел стансалары қалыпты жұмыс істеуде. 

Бүгінде елімізде баламалы табиғат көздерден қуат алу мәселесі әлі де болса толық шешімін таппаған. Ал әлем дамудың жаңа, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз жолдарын қажетсінеді. Міне, сондықтан да Қазақстан «Жасыл экономикаға» бет бұрды. Ал бұл еліміздің географиялық орналасу жағдайын, жел және күн энергиясын пайдалану мүмкіндігін, сондай-ақ мұнай және газ ресурстарының энергетикалық әлеуетін ескерсек, жалпы қажеттіліктің орнын толтыру үшін де тамаша мүмкіндік. Жалпы еліміздің сағатына 1 триллион кВт энергия өндіруге мүмкіндігі бар. 

Біздің облысымыз «Жасыл экономика» бағдарламасын жүзеге асыруға қолайлы аймақ қатарына жатқызылып отыр. Облысымыздың Қордай ауданында бұған дейін «Виста-Интернешнл» ЖШС қуаттылығы 21 МВт-ты құрайтын, құны 6 мирд 362 милн теңгенің жобасы іске қосылса, енді «Ветро Инвест» ЖШС қуаттылығы 53,75 МВт-тық, құны 12 млрд 8 млн теңгенің жобасын жүзеге асырды. Бұл жоба Индустрияландыру картасы және «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламалары бойынша мемлекеттің қолдауымен жүзеге асырылған еді. 

Осы өңірде алғаш пайдалануға берілген «Отрар» күн электр стансасының да облысымызда алар орны ерекше. Құрылысының құны 200 млн теңгені құраған күн электр стансасының қуаттылығы – 504 кВт болды. Жалпы бүгінде «Отар» күн электр стансасының белгіленген қуаттылығы — 7 МВт. Бұл жоба «ҚазЭкоВатт» ЖШС жекеменшік инвестиция қаржысы есебінен бой көтерді. Ал Жуалы ауданындағы «Burnoe Solar-1» және «Burnoe Solar-2» ЖШС-ның күн электр стансасы Орталық Азиядағы ең ірі нысан болып табылады. 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Жастардың күшімен Тараз қаласындағы 8 көше, 5 саябақ кездейсоқ күл-қоқыстан тазартылды

Жастардың күшімен Тараз қаласындағы 8 көше, 5 саябақ кездейсоқ күл-қоқыстан тазартылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Кәсіпкерлерге жеңілдікпен несие алуға болатыны дұрыс түсіндірілмеуде – Даниал Ахметов

Кәсіпкерлерге жеңілдікпен несие алуға болатыны дұрыс түсіндірілмеуде – Даниал Ахметов

4 года ago
Кез-келген шенеунік Конституциялық Сотқа қарап жұмыс істеуге міндетті

Кез-келген шенеунік Конституциялық Сотқа қарап жұмыс істеуге міндетті

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In