• RU
Воскресенье, 29 марта, 2026
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
JASYN
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Home Энергия үнемдеу

Жамбыл облысы жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша алдыңғы орында

бойынша Jasyn
06/03/2024
in Энергия үнемдеу
0
Жамбыл облысы жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша алдыңғы орында
0
Бөлісу
0
Қаралған
Share on FacebookShare on Twitter

Жамбыл облысында күн, жел және су арқылы электр энергиясын өндіретін стансалар салу үшін барлық жағдай жасалған. Сондықтан да бұл бағытта көбірек инвестиция тарту көзделген. Әрбірден кейін инвесторларды да қызықтыратын жобалардың бірі осы күн, жел және судан электр қуатын өндіретін стансалар болып табылады.

Облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысы Құдайберген Қорғанбаевтың айтуынша, қазіргі таңда аймақта жалпы қуаты 437,8 мегаватты құрайтын 18 нысан жұмыс істеуде. Оның жиынтық қуаты 24,4 мегаватын 6 су электр стансасы, 162,15 мегаватын 6 жел электр стансасы, сондай-ақ қуаты 251,25 мегаватты құрайтын 6 күн электр стансасы беруде.

Елімізде барлығы 2010,4 мегават қуаттылығымен 134 нысан жұмыс істеуде. Бұл ретте Жамбыл облысы жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша алдыңғы орында. Өткен жылы өңірдегі ірі жобалардың бірі, құны 49 миллиард теңгені құрайтын қуаты 100 мегаваттық «Жаңатас жел электр» стансасы пайдалануға берілсе, қуаты 9,2 мегават құрайтын Тасөткел су қоймасындағы су электр стансасының екінші кезеңі іске қосылды.

Ағымдағы жылдың мамыр айында Жамбыл ауданында жалпы қуаты 50 мегаватты құрайтын «AEC ASA» күн электр стансасының құрылыс жұмыстары аяталып, нысан пайдалануға берілген. Алдағы уақытта, қосымша жаңартылатын энергия көздері бойынша жалпы қуаты 13,5 мегаватты құрайтын 3 жел электр стансасың құрылыс жобалары іске асырылуда. Олардың барлығы Талас ауданында орналасқан. Атап айтсақ, қуаты 4,5 мегават «Шеңгелді ЖЭС», қуаты 4,5 мегават «Шеңгелді ЖЭС-2», қуаты 4,5 мегават болатын үшінші «Новатэекс ЖЭС» ЖШС құрылысы жүріп жатыр. Бұл нысандардың құрылыс жұмыстарын 2022 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған. Іске қосылғаннан кейінгі барлық үш жобаның жалпы қуаты 451,3 мегаватты құрайды, — дейді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 5 айында сағатына 1 826,7 миллион киловат электр энергия өндірілсе, оның 1 430,8 млн.кВтсағат электр энергия дәстүрлі энергия көздерінен, 395,8 млн. кВтсағат электр энергия ЖЭК нысандарынан өндірілген.

Бұдан бөлек, қолға алынған жобалар көп. Соның бірі Мойынқұм ауданында «Total Eren» ЖШС тарапынан жалпы қуаты 1 гигаватты құрайтын жел электр стансасын салу жоспарлануда. Қазіргі таңда бұл жоба аясында инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде.

Jasyn

Jasyn

Келесі пост
Талас ауданында 3 жел электр стансасының құрылысы салынуда

Талас ауданында 3 жел электр стансасының құрылысы салынуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Электрскутерлердің ережелері Қазақстан стандартында белгіленген

Электрскутерлердің ережелері Қазақстан стандартында белгіленген

4 года бұрын
Өмірзақ Шөкеев жайылымдық жер мәселесін реттеуді жүктеді

Өмірзақ Шөкеев жайылымдық жер мәселесін реттеуді жүктеді

5 года бұрын

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көру
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In