• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Спорт

Жамбыл футболы қайта жанданбақ

by Jasyn
06/03/2024
in Спорт
0
Жамбыл футболы қайта жанданбақ
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Футболдан еліміздің чемпионаты қарсаңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Тараз» ФК жаттықтырушылары және ойыншыларымен кездесті. Кездесуде аймақ футболын дамыту стратегиясы туралы жан-жақты сараланды.

Біркездері «Тараз» Қазақстанның үздік командасы деп танылған сәттер де болған-ды. Өкінішке орай, соңғы жылдары клуб республикалық аренадағы өз позициясын айтарлықтай жоғалтып алды.

Бердібек Сапарбаев жүздесуде Жамбыл футболын дамытудың егжей-тегжейлі бағдарламасын ұсынды.

– Біз балаларды оқытумен қатар футболдың қыр-сырына баулитын мектеп-интернатын ашуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, балалармен жұмыс істейтін жоғары білікті жаттықтырушыларды тартып, академия құру қажеттігіне назар аударудамыз, — деді Бердібек Сапарбаев.

Алдыңғы басшылық өзіне жүктелген міндетті еңсере алмады, ендігі ол міндет клуб басшысы Талғат Тұрлыбайұлы бастаған спорт функционерлеріне жүктеліп отыр.

Бүгінгі таңда командада да, жаттықтырушылар құрамында да үлкен өзгерістер орын алған. Команданы УЕФА PRO бапкерлік лицензиясына ие және Арменияның ұлттық құрамасымен нәтижелі табыстарға қол жеткізген тәжірибелі маман Вардан Минасян басқармақ. Ол өз кезегінде Чехия, Дания, Словакия, Македония сияқты мықты ұлттық құрамаларды жеңіп, Еуропаны шулатқан еді.

Кездесуде сөз алған Вардан Минасян команда құрамы 60-70 пайызға жаңарғанын тілге тиек етті. Дәлірек айтсақ, чемпионатқа қатысатын 25 футболшының 18-і Жамбыл футболының тәрбиеленушілері. «Біз ешкімге оңай алынатын қамал болмаймыз», — деп атап өтті армян маманы.

Қазір премьер-лигада 14 команда бар, демек кубоктық ойындарын есептемегенде 26 ойын болады. Қызылордаға барып келгеннен кейін «Тараз» өз алаңындағы алғашқы матч ретінде 19 наурызда петропавлдық «Қызылжарды» қабылдайды. Ойын Орталық стадионда өтеді деп көзделуде.

Міндеттерге келетін болсақ, «Тараз» кем дегенде алтыншы орынға ие болуы тиіс. Сонымен қатар, Қазақстан кубогы үшін таласу міндеті де қойылып отыр.
Кездесу соңында Бердібек Сапарбаев командаға жаңа жайлы автобус сатып алынатынын, облыс басшылығы өз алаңымызда өтетін барлық матчтарға қатысатынын айтып, команданы қолдауға уәде берді.

Фарида СЕЙІЛХАНҚЫЗЫ

Jasyn

Jasyn

Next Post
Футболдан ӘЧ-2022: Қазақстан құрамасы Франциядан ұтылып қалды

Футболдан ӘЧ-2022: Қазақстан құрамасы Франциядан ұтылып қалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«Кредит кешіріледі»: Қазақстандықтар әлеуметтік желіде видео таратып жатыр

«Кредит кешіріледі»: Қазақстандықтар әлеуметтік желіде видео таратып жатыр

3 года ago
Мектепке дейінгі ұйымдарда 2023 жылдың басынан 30 мыңға жуық орын ашылды

Мектепке дейінгі ұйымдарда 2023 жылдың басынан 30 мыңға жуық орын ашылды

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In