• RU
Суббота, 2 августа, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Бюджет қаражатын ұтымды пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы

«Жалпылама сөз емес, нақты жоспар, нақты іс қажет»

Түркістан облысында аудан, қала әкімдіктері мен басқармаларының рейтингтік жүйесі әзірленген. Әрбір мекемеге индикаторлар бекітіліп, әр тоқсан сайын нәтижесі шығарылып, тұрақты талқыланады.

by Jasyn
30/07/2025
in • Бюджет қаражатын ұтымды пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы
0
«Жалпылама сөз емес, нақты жоспар, нақты іс қажет»
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Осы жұмыстар нәтижесінде биылғы 6 айда облыс экономикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы сақталды. Қысқа мерзімді экономикалық өсім 118 пайызды құрап, Түркістан облысы республикада бірінші орынға шықты.

Облыс әкімідігінде өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен 2025 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша облыстық алқа мәжілісі өтті. Маңызды жиынға аудан, қала әкімдері, басқарма басшылары қатысты, Мәжілісте облысты дамыту, индикаторларды орындау мәселелері талқыланды. Рейтинг соңындағы аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларының есептері тыңдалып, тиісті сын-ескертпелер айтылды. Облыс әкімі жауапты басшыларға жұмысты ширатуды тапсырды.

– Облысты дамыту бағытында рейтнг жүйесі енгізілді. Әр тоқсан сайын алқа мәжілісін өткізіп, көрсеткіштерді талқылайтынымызды айтқан болатынмын. Сол арқылы аудан, қала әкімдері мен басқарма басшылары өз жұмыстарын, жоспарларын біледі. Бүгін алғашқы алқа мәжілісін өткізіп отырмыз. Жартыжылдықтағы көрсеткіштер сараланып, жоспарлар жасалады. Баяндамаларыңызда тапсырмаларды орындау жөнінде уәде бермей, оны қалай орындайтындарыңыз туралы айтыңыздар. Жалпылама сөз емес, нақты жоспар, нақты іс қажет. Баршаңызға белгілі, облысымызда 2024-2030 жылдарға экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша Жол картасы бекітілген болатын. Әсіресе, инвестициялық жобалардың уақтылы әрі сапалы орындалуына басымдық беріңіздер. Өндіріс орындарын ашу бойынша жұмыстар жүргізілсін. Бекітілген Жол картамасы орындалмаған жағдайда жауапкершіліктеріңіз қаралатынын ескертемін. Үшінші тоқсан қорытындысымен бекітілген индикаторларды толық орындауды тапсырамын, – деді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.

Мәжілісте Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбек Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, аудан, қала әкімдіктерінің және басқармалардың қызметі тиімділігінің рейтингтік бағалауы бойынша баяндама жасады. Оның айтуынша, барлық салалар бойынша межеге қол жеткізілген. Аудан қала әкімдері мен басқамалардың қызметінің тиімділігін бағалайтын 9 блоктан тұратын 89 индикатордың биылғы 6 айға жоспарланғаны – 85. Оның ішінде 79 индикатор аудан, қала әкімдерінің қызметіне тиесілі болса, 6 индикатор облыс деңгейінде есептеледі. Жартыжылдық қорытындысымен қалыптасқан рейтингті бірінші тоқсандағы көрсеткішпен салыстыратын болсақ, Қазығұрт, Сайрам және Шардара аудандары рейтингте өздерінің индикаторларын жақсартып, оң нәтиже көрсеткен. Басқармалардың да көрсеткіштері сараланды. Төмен нәтиже көрсеткен аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларының есептері тыңдалды. Оларға жұмысты жандандыру жөнінде тапсырма берілді.

Айта кетейік, алты ай қорытындысы бойынша облыстың өнеркәсіп өнім көлемі 723,3 млрд. теңгені құрап, 13,5 пайызға артты. Өсім негізінен өңдеу және тау-кен өнеркәсібі есебінен болды. Облыс экономикасының негізгі саласы – ауыл шаруашылығында өнім көлемі 253,9 млрд. теңгені құрап, өсім 104,7 пайыз деңгейінде қалыптасты. Өндірілген өнім бойынша Түркістан облысы республикада көш бастап тұр. Құрылыс жұмыстарының көлемі 230,3 млрд. теңгені құрап, 25,1 пайызға артты. Жыл басынан 438,5 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға тапсырылып, өсім 118,2 пайыз деңгейінде қалыптасты. Облысты дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Фото: Arysinfo.kz

 

 

Tags: Жол картасыОблысты дамыту бағытында рейтнг жүйесіТүркістан облысы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Биыл Жамбылда 2030 пәтер пайдалануға беріледі

Биыл Жамбылда 2030 пәтер пайдалануға беріледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы комбинатында тағы бір адам қайтыс болды

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы комбинатында тағы бір адам қайтыс болды

3 года ago
«Жусан» операциясы: 77 әйел радикалды идеологиядан бас тартты

«Жусан» операциясы: 77 әйел радикалды идеологиядан бас тартты

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In