• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Өткен күннің күркірі

Жалғыз директордан басқа қызметші жоқ, ал директор Қостанайда тұрады

Жамбыл облысы бойынша Тексеру комиссиясы «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның 2022-2023 жылдардағы жұмысына тексеру жүргізді.

by Jasyn
07/08/2024
in • Өткен күннің күркірі, Топ
0
Жамбылда екі басқарманың бір айда бір қосылып, қайта бөлінуіне не себеп болды?
0
SHARES
192
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Аудиторлық іс-шарасы шеңберінде жалпы сомасы 3 798 707,0 мың теңгеге бұзушылықтар және 9 бірлік рәсімдік бұзушылықтар анықталған.

Жамбыл облыстық мәслихаты тұрақты комиссиясының отырысында баяндама жасаған Тексеру комиссиясының мүшесі Асылхан Шаймерденовтың айтуына қарағанда 2020 жылдың 24-шілдесінде «Тараз» ӘКК» АҚ Директорлар кеңесі отырысының N13 хаттамасымен «Тараз» ӘКК» АҚ мен «Агромаш Холдинг БК» ЖШС бірлесіп «Тараз» сервистік-өндірістік орталығы» бірлескен кәсіпорын құру жобасын мақұлдаған.

2020 жылдың 5-қазанында «Агромаш Холдинг БК» ЖШС 25 500,0 мың (51 пайыз) және «Тараз» ӘКК» АҚ 24 500,0 мың теңге (49 пайыз) үлесімен бірлескен кәсіпорын, яғни «Тараз» сервистік-өндірістік орталығы» ЖШС құрылған. Бұл серіктестіктің негізгі қызмет түрі – ауыл шаруашылығы арнайы және құрылыс техникасын жөндеу, техникалық және сервистік қызмет көрсету болатын.

Алайда тексеру барысында аудиторлар заңды тіркелген мекен-жай бойынша «Тараз» сервистік-өндірістік орталығы» ЖШС-ін таба алмаған. Яғни, орталықтың бұл мекен-жай бойынша орналаспағаны анықталды. Сондай-ақ «Тараз» ӘКК» АҚ-ның өкілі Тараз қаласы немесе аудандарда «Тараз» сервистік-өндірістік орталығының нақты қайда орналасқанын да көрсетпеген.

Сонымен қатар аталған орталықта жалғыз директордан басқа қызметшілер жұмыс атқармайтыны және директордың өзі Қостанай қаласында тұрақты тұратыны белгілі болды.

Нәтижесіне аталған жоба бойынша күтілген нәтижеге қол жеткізілмей 24 500,0 мың теңгенің тиімсіз жұмсалуына жол берілген.

— Иә, сервистік-өндірістік орталыққа байланысты келісім-шарт жасалған, — дейді бұл жөнінде «Тараз» ӘКК» АҚ-ның басқарушы директоры Еркін Жылысбек. — «Троллейбус паркін» соларға береміз деп жоспарлағанбыз. Бірақ олар жобаларын іске асыра алмады. Тракторға берген бағалары төмен, біз үшін тиімсіз болды. Ауданнан ешқандай қызығушылық болмады. Келісім-шарт аяғына дейін орындалмады. Сондықтан ол келісім-шарт бойынша жұмыс істелінбеді. Сондықтан троллейбус паркін қайтадан өзімізге алып қойдық. Олар жақында қайтадан келісім-шарт бойынша жер сұрап отыр. Жобалық сметасы 300 млн теңгедей болады. Жұмысты жалғастырамыз деп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясы азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыруға, жарғылық капиталды ұлғайтуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін бағытталған кредиттер мен бюджет қаражатының, сонымен қатар активтердің тиімді пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесін қарап, Жамбыл облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі мен «Тараз» ӘКК» АҚ-ның басшылары осы бағытта атқарылған жұмыстарды баяндады.

Фото: Kapital.kz

Tags: «Агромаш Холдинг БК» ЖШСкомиссиясы «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»техникалық және сервистік қызмет көрсетутроллейбус паркі
Jasyn

Jasyn

Next Post
135 млн теңге жұмсалған орталық әлі күнге жұмыс істемей тұр

135 млн теңге жұмсалған орталық әлі күнге жұмыс істемей тұр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Тоқаев Ресей премьер-министрімен кездесті

Тоқаев Ресей премьер-министрімен кездесті

3 года ago
Орал әуежайына Мәншүк Мәметованың есімі берілді

Орал әуежайына Мәншүк Мәметованың есімі берілді

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In