«Лабораториялардың көпшілігі апатты немесе жалға алынған ғимараттарда орналасқан, ондағы көптеген зертханалық құрылғылар ескіргенімен қатар өндірістен де шығарылған. Осылай, 2016-2023 жылдар аралығында 15 ветеринариялық зертхана жабылған. Зертханалардың жетіспеуі, құрал-жабдықтардың тозуы, облыс, аудан көлемінде қатты байқалады», — деп атап өтті сенатор.
Біздегі үлкен мәселе – мамандардың тапшылығы, түрлі қауіпті инфекциялармен жұмыс жасайтын сала қызметкерлерінің жалақыларының төмендігі.
«Ветеринариялық қызметкерлер арасында ең төмен жалақыны лаборанттар алады. Осыған байланысты салаға жас мамандар келмейді, келсе де көп тұрақтамайды. Зертханалардағы құрал жабдықтардың ескіруі – халықаралық сапа мен стандарттарға сәйкестендіруге көп кедергі келтіруде», — деп атап өтті Әли Бектаев.
Сенатор осыған байланысты Үкіметке зертханаларды жаңғырту бойынша «Жол картасын» әзірлеу, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарту, мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын ұлғайту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мекемелер арасындағы үйлестіруді күшейту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Фото: ИТЦ «Качество»