«Токарь, фрезерші, слесарь және басқа да мамандықтар бойынша кәсіби білікті жұмысшылар тапшылығы маңызды мәселеге айналып отыр. Жалақы 600 мың теңгеге дейін жеткенімен, жұмыс істеуге ниетті адамдардың саны бос орындардан әлдеқайда аз. Кәсіби-техникалық білім алған мамандарға сұраныс жоғары оқу орындарын бітірген түлектерге қарағанда 70%-ға көп. Орта кәсіптік білім беру жүйесінің еңбек нарығындағы қазіргі талапқа сәйкес келмеу мәселесі анық байқалып отыр», – деп атап өтті Жүнісов.
Сенатор сондай-ақ колледждердің, әсіресе ауылдық жерлердегі материалдық-техникалық базасының жеткіліксіздігіне назар аударды. Оқу орындарының нашар жабдықталуы мамандарды даярлау сапасының төмен болуына және олардың қазіргі өндірістік талаптарға сәйкес келмеуіне әкеліп соғуда.
«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы жан басына қаржыландыру көлемін ұлғайту мәселесі мен педагогтарға магистр дәрежесі үшін қосымша ақы енгізу мүмкіндігін қарастыру қажет. Сонымен қатар, ауылдық жерлердегі колледждерді заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету үшін «Жас маман» жобасын жалғастыру мәселесін пысықтау керек. Одан бөлек, өндірістің қазіргі талабына сәйкес оқытушыларды оқыту, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жұмыстарын қолға алу қажет», – деді Талғат Жүнісов.
Фото: Геологический клуб