2025 жылдың сәуірінде Құлан ауылында бір зейнеткер кәмелетке толмаған жасөсіпірімді ұстап алып, білегінен ұстап тұрып, оның бетіне бірнеше рет жұдырықпен және шапалақпен соққы берген.
Сотталушының кінәсі тараптардың, куәлердің айғақтарымен, сарапшының қорытындысымен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді.
Сондай-ақ, сотталушы өз кінәсін ішінара мойындап, бұл әрекетті тек тәрбиелік мақсатта жасағанын айтып, жазаны жеңілдетуді сұрады.
Ал, жәбірленушінің заңды өкілі сотталушыны кешірмейтінін айтты.
Сот жеңілдететін мән-жайлар ретінде ішінара кінәні мойындауын, ІІІ топтағы мүгедектікті және сотталушының оң сипаттамасын таныды.
Сот үкімімен зейнеткер ҚК 109-1-бабы 2-бөлігінің 8) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 100 АЕК, яғни 393 200 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Қазіргі уақытта айыппұл өз еркімен толық көлемде төленді.
Үкім заңды күшіне енді.
Фото: KR.KZ