• RU
Воскресенье, 6 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Зейнетақы жинағын пайдалану: Өтініштер саны рекордқа жетті

by Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
Зейнетақы жинағын пайдалану: Өтініштер саны рекордқа жетті
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Соңғы үш күнде зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты enpf-otbasy.кz платформасына өтініштердің рекордтық саны жолданған. Бұл туралы «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ-ның баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәлім етілгендей, соңғы үш күнде біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) қолдануға enpf-otbasy.кz платформасы арқылы 46 мың өтініш жолданған. Тек 3 желтоқсандағы бір күнде қазақстандықтардан 16 мың өтініш түскен.

«Бұл жыл басынан бері БЗТ-ін тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделу мақсаттарына алу мүмкіндігі туындаған уақыттан бастап, жолданған өтініштер көлемі бойынша рекордтық көрсеткіш. Қалыпты күндері платформа арқылы 2 200 жуық өтініш қабылданады», — делінген таратылған хабарламада.

Қазақстандықтар тұрғын үйді толық сатып алу, екінші деңгейлі банктердегі және Отбасы банкіндегі ипотеканы ішінара төлеу мақсаттарын жиі таңдауда. Сондай-ақ зейнетақы қаражатының бір бөлігін туысқандарына аудару қызметі сұранысқа ие.

«Enpf-otbasy.кz платформасына артқан сұранысқа қарамастан, портал жұмысы еш кідіріссіз, штаттық режимде қызмет етуде. Желтоқсан айының соңына дейін оның көмегімен әр жас бойынша 2021 жылғы белгіленген жеткіліктілік шегі көрсеткіштері бойынша БЗТ-ін қолдануға болады. Қордағы қаражат Отбасы банкіндегі арнайы ағымдағы шотқа аударылғаннан кейін, оларды қолдануға 45 жұмыс күні беріледі. Осы уақыт аралығында БЗТ қолдану мақсатын таңдап/растап немесе өзгертіп үлгеруге болады», — деп нақтылады банктің баспасөз қызметінен.

2021 жылдың 3 желтоқсанындағы мәліметтер бойынша, зейнетақы жинақтарын осы күнге дейін 338 499 адам (жалпы көлемі 1,68 трлн теңге) қолданып үлгерді. Олардың дені ипотекаға жүгінбей тұрғын үй алған (171 598 адам).

Біржолғы зейнетақы төлемдерін қолдану бойынша Нұр-Сұлтан қаласы, Маңғыстау облысы мен Алматы қаласы көш бастап тұр. Ал Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары аса белсенділік танытпаған. БЗТ қолданған азаматтардың орта жасы – 41. Гендер бойынша 68% ер кісілер. 338 499 қазақстандықтың 40% өздерінің тұрғын үй жағдайларын туыстары зейнетақы қорындағы жинақтарын толық немесе ішінара табыстағанының арқасында жақсарта алған.

«Қазіргі уақытта Отбасы банк қызметкерлері «ТҚЖ салымдарын БЗТ есебінен толықтыру» мүмкіндігін іске асыру бойынша жұмыс атқаруда. Аталмыш қызмет мемлекеттік органдар Біржолғы зейнетақы төлемдерін қолдану ережелеріне енгізілген өзгерістер бекітілген уақыттан бастап қолжетімді болады», — делінген банк мәліметінде.

Еске салайық, 2022 жылы біржолғы зейнетақы төлемін алудың жеткіліктілік шегі 1,8 есе көтеріледі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Александр Кононец аталған шекті мөлшер неліктен арттырылатынын түсіндірді.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Әлішер Кәрімов «Голос» шоуының келесі кезеңіне өтті

Әлішер Кәрімов "Голос" шоуының келесі кезеңіне өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Алматыда үш баласымен бірге суицид жасаған әйелдің өлім алдындағы хаты табылды

Алматыда үш баласымен бірге суицид жасаған әйелдің өлім алдындағы хаты табылды

4 года ago
Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға салықтар мен төлемдерді төлеу кейінге қалдырылады

Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға салықтар мен төлемдерді төлеу кейінге қалдырылады

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In