• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Топ

Зейнетақы алатын күні қарттар үйінің алдында неге қымбат көліктер пайда болады?

Ресми статистика бойынша елімізде 51 қарттар мен мүгедектер үйі бар. Оның 43-і - мемлекеттік, 7-еуі жеке. Және бір орталық шетелдік жеке тұлғаның меншігінде.

by Jasyn
26/02/2025
in Топ
0
Зейнетақы алатын күні қарттар үйінің алдында неге қымбат көліктер пайда болады?
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қарттар мен мүгедектер үйлерінің ең көп саны Шығыс Қазақстан облысында. Бұл облыста 11 үй орналасқан, оның 6-уы мемлекеттік және 5 үй жеке меншікте. Шымкент, Алматы, Атырау қалаларында, Ақтөбе, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарында бір-бірден.

Ресми мәліметтер бойынша 2023 жылы Қазақстанның қарттар және мүгедектер үйлерінде тұратын азаматтар саны 6 824 адамды құрады. Оның 950-і Астанада, 905-і Шығыс Қазақстанда.  Және жыл сайын өсуде. Бұл алаңдататын дүние.

«Несін жасырамыз, ата салтымыздан адасқандар қаншама? Тіпті сонау соғыс жылдарында салынбаған жетімдер үйі мен қарттар үйі бүгінгі мына бейбіт заманда бой көтерді. Сонау 90-шы жылдары еліміз тәуелсіздікті жаңа алып, дүкен сөрелері бос болған уақытта да қарттар үйіндегі қаракөз қариялар бірен-саран ғана болса, бүгінде 90 пайызы қазақ ұлтынан. Қарттар үйі қара шаңырақ па еді? Неге зейнетақы алатын күні қарттар үйінің алдында қымбат автокөліктер пайда болады? Не себепті ата аналарын қарттар үйіне тапсырады? Әлде ерлі-зайыптылар арасына ата ана артық болдыма, әлде жасы жеткен мүгедек қарияға қарау қиындық тудырды ма, болмаса жұмысының жүктемесі ауыр болды ма екен? Бірақ сол ата анасы кішкентай кезінде қандай қиындық болса да баласын тастамады ғой» дейді өзінің депутаттық сауалында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Таңсәуле Серіков.

Қазақстан Республикасының Неке, ерлі-зайыптылық және отбасы туралы кодексінің «Кәмелетке толған балалардың ата-аналарын күтіп-бағу жөніндегі міндеттерінің» 145-бабы 1-бөлімінде «Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтіп-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті» және «Балаларынан алимент өндіріп алуға құқылы, ол сот тәртібімен алынады» делінген. Ия, жақсы, орынды баптар.

«Бірақ бұл бап орындалып жатқан жоқ, себебі ешбір кейуана өз баласына шағым түсірмейді, еш бір ата-ана алимент өндіруге не денсаулығы не намысы жібермейді.   Сол себепті бұл бап орындалмайды. Сондықтан ата-анасын қарттар үйіне тапсырған, қараусыз қалдырған балалар, ата аналарының есеп-шотына тапқан жалақысының 50 пайызын мөлшерлеп міндеттеу керекпіз. Әрине, бұл қаражат ата-анаға деген құрметке тең келмейді, дегенмен материалдық өтеуі болуы керек. Сонымен қатар 70 жастан асқан қариялардың атында жылжымайтын мүлкі болса, өле-өлгенше басқа адамның атына рәсімдеуге тиым салуымыз керек. Қазақ «Әке шешең жынды болса байлап бақ, бірақ тастама» деген. Қартайып қызық көрер шағында, қарияларымызды қаңғытпай, аялауымыз керек. Бұл әр азаматқа қатысты» дейді депутат Т. Серіков.

Фото: www.uralskweek.kz

 

Tags: ата-анасын қарттар үйіне тапсыруҚарттар мен мүгедектер үйлеріқарттар үйі
Jasyn

Jasyn

Next Post
Төтенше жағдайдың алдын алуға бөлінген қаражат қайда кетті?

Төтенше жағдайдың алдын алуға бөлінген қаражат қайда кетті?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Әр балаға 36 мың теңге: депутат атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін ұлғайтуды ұсынды

Әр балаға 36 мың теңге: депутат атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін ұлғайтуды ұсынды

3 года ago
Сарыағаштық жастар спорт сайысынан алдарына жан салмайды

Сарыағаштық жастар спорт сайысынан алдарына жан салмайды

7 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In