• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Зейнет жасына жақындаған азаматтарды жұмысқа орналастыру жүйесі іске қосылады

by Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
Зейнет жасына жақындаған азаматтарды жұмысқа орналастыру жүйесі іске қосылады
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) зейнеткерлік жас алдындағы жұмыссыз адамдарды жұмыспен қамту мақсатында «Күміс жас» арнайы жобасын іске қосуды жоспарлап отыр.

Бастаманы іске асыру 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жүргізілетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мнистрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жыл сайын жоба 5 мың адамды қамтиды деп күтілуде.

Қазіргі уақытта «Күміс жас» жобасын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актіні (бұдан әрі – НҚА) әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде. НҚА-да жұмыс берушілер мен қызметкерлерге қойылатын бірқатар талаптар көзделетін болады. Осылайша, жобаға бір жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан және тұрақты салық және басқа да әлеуметтік аударымдар жүргізетін, сондай-ақ жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар қатысады.

«Күміс жас» жобасы бойынша жұмыс орындары тұрақты жұмыс орындарынан тыс және тұрақты жұмыс орындарына арналған бос жұмыс орындарынан тыс құрылатын болады.  Мұндай жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда және ұлттық кәсіптер сыныптауышына сәйкес біліктілігі төмен қызметкерлердің 9-тобына жататын мамандықтар/кәсіптер бойынша құрыла алмайды.

«Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі 12 айдан аспайды және қатысу кезеңінде халықты жұмыспен қамту орталығы зейнет жасы алдындағы адамдар жалақысының бір бөлігін бюджет қаражаты есебінен субсидиялайды. Жалақыға берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері жалақы мөлшерінің 50% — ын құрайды, бірақ экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып, 30 АЕК-тен аспайды.

Қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші зейнеткерлік жас алдындағы адамды зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырады.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Атырау перзентханаларында қызметтер бағасы негізсіз өсірілген

Атырау перзентханаларында қызметтер бағасы негізсіз өсірілген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Экс-и.о. руководителя Управления по вопросам молодежной политики Жамбылской области Дильмурат Хамракулов проиграл полмиллиарда тенге на ставках

Экс-и.о. руководителя Управления по вопросам молодежной политики Жамбылской области Дильмурат Хамракулов проиграл полмиллиарда тенге на ставках

1 год ago
Жалақы уақытылы берілмеген: Жамбылда зауыт басшысы мен жұмысшылар арасында дау туды

Жалақы уақытылы берілмеген: Жамбылда зауыт басшысы мен жұмысшылар арасында дау туды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In