Автокөлікті тоқтатып, тексеру барысында артқы орында салмағы 147 келі болатын қапқа оралған балықтар анықталды. Автокөлік иесінің айтуынша, ол балықтарды 38 мың теңгеге сатып алып, қайта сату үшін жолға шыққан.
Аталған дерек бойынша автокөлік иесі ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабымен (Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 30630 теңге көлемінде айыппұл салынды.