• RU
Четверг, 14 августа, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қолдау қоғамдағы инклюзия ерекше қажеттіліктері бар адамдарға құрметпен қарау

Зағип жандар кейбір дені сау адамдардан артық жұмыс істейді

Көз жанарынан айырылса да қоғам өмірінен тысқары қалмайтын зағип жан¬дардың жаратылысы бөлек. Тек түйсіктің сезімталдығы арқылы олар барлық іске икемділігін көрсете бі¬леді. Зерттеулерге қарағанда зағип жандар қоршаған ортаны көзбен көрмесе де, кейбір дені сау адамдардан артық белсенді жұмыс ат¬қарады екен.

by Jasyn
07/08/2025
in • Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қолдау қоғамдағы инклюзия ерекше қажеттіліктері бар адамдарға құрметпен қарау
0
Зағип жандар кейбір дені сау адамдардан артық жұмыс  істейді
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жоғарыда аталған азамат­тар­дың бірі мемлекеттік салада қызмет етсе, бірі шығырмашылықпен айналысқан. Барлығы да еміне шипа іздеп, рухани құндылықтармен сусындаған. Ендеше әлеуметтік мәселе өз маңы­зын жоймақ емес.

Жақында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, публицист, сыншы, драматург Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл толуына орай «Қазақтың дана Қадыры» тақырыбында квест ойынын Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы өткізді.

Аталған іс-шара Берікқара шатқалында орналасқан «Тау самалы» балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерьінде өтті. Қазынаны іздеу арқылы жүзеге асатын бұл ойын 4 аялдама, 12 тапсырманы орындау бойынша жүргізілді. Аялдамалардың жүру бағытын анықтау үшін маршруттық карта беріліп отырды.

Ойын барысында қазынаны тауып, аталған тапсырмаларға жасырынған сұрақтар ақынның өмірі, шығармашылығы мен оның өлең – жырлары қамтылды. Сондай-ақ, ақынның сөзіне жазылған «Атамекен», «Жалқаубек», «Өз елім» сынды әндер орындалды. Нәтижесінде ІІІ орынды «Дәл солай, ІІ орынды «Зиги-заги», І орынды «Экипаж» командалары алды.

Тағы ібр айтары, Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мен «Т.Рысқұлов аудандық тарихи-өлкетану музейі» бірлесе ұйымдастыруымен «Тифло-музей» жобасы аясында «Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін!» атты тарихи танымдық бұрышы бойынша «Жүрекпен көретін жандар» тақырыбында QR-кодты толықтыру ашық есік күні шарасы өтті.

Іс-шараның мақсаты — көру қабілеті шектеулі жандардың мәдени және тарихи мұраларымен толыққанды танысуына мүмкіндік береді. Оқырмандарға инклюзивті қоғам қалыптастыруға ықпал етіп, музей экспозициясына еркін қол жеткізуге жағдай жасау.
Шара барысында зағип оқырмандарға ХІХ-ХХ ғасырлардағы тұрмыста қолданыста болған құмған, күбі, құмыра, самаурын,радио, домбыра т.б сол сияқты үй жағдайында қолданылған көне заттардан көрме ұсынылып, жалпы саны-21 QR-код қойылған жәдігерлерімен толықтырылды.
Шара соңында заманауи үлгідегі QR-код қойылған экспонаттардың кодын смартфонға енгізу арқылы оқырмандарға ұсынылып, кітап көрмесі насихатталды.

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының тағы бір іс-шарасы — «Шексіз кино әлемі» жоба аясында 2001 жылда экранға шыққан Александр Ефремовтың «Поводырь» атты тифлокомментарийлері бар көркем фильмі «Қазақ соқырлар Қоғамының» мүшелеріне көрсетілді. Кино барысында оқырмандар фильмнен алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын талқыға салды.

Сондай-ақ, Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Кenes time» жобасы аясында «Қазақ соқырлар қоғамы» мүшелеріне «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу!» тақырыбында кездесу отырысын ұйымдастырды. Жиында «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің» мамандары қонақта болып, қоғамда белең алып тұрған зорлық-зомбылық мәселесін жан-жақты талқылады. Шара соңында зағип оқырмандар «Чайка емханасы» аялдамасы маңы мен «2-ші Арбат» бойын үйсіз кезбелердің келеңсіз жағдай тудыратындарын жеткізді.

Және зағип жандардарға ақпараттық технологияларға қолжетімділікті жеңілдету, еркін меңгерту мақсатында «Зағип және компьютер» үйірмесі аясында сабақ жүргізілді. Сабақты үйірме жетекшісі І топ көз мүгедегі Бегимов Ербол Акқайұлы зағиптарға арналған «НВДА» бағдарламасымен өткізді.
Үйірмеге кітапхананың тұрақты оқырманы Сабырова Жанерке Қайратқызы қатысып, компьютер және сенсорлық телефондарда еркін жұмыс істеу әдісі бойынша дәріс алды.

Фото: Егемен Қазақстан

 

 

Tags: «Зағип және компьютер» үйірмесі«Қазақтың дана Қадыры» квест ойыныЖамбыл облысызағип жандар
Jasyn

Jasyn

Next Post
Сарысу ауданында тіркелмеген қару тасымалдаған жүргізуші ұсталды

Сарысу ауданында тіркелмеген қару тасымалдаған жүргізуші ұсталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбыл облысында 15 спорт кешені салынып жатыр

Жамбыл облысында 15 спорт кешені салынып жатыр

1 год ago
Дархан Ахмадиев Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Дархан Ахмадиев Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In