• RU
Пятница, 5 декабря, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Су ресурстары және ирригация

Үш жаңа су жүйесін іске қосты

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Су ресурстары және ирригация министрлігі СҚО-ның 42 ауылын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жобаларын мерзімінен бұрын аяқтады

by Jasyn
07/11/2025
in Су ресурстары және ирригация
0
Үш жаңа су жүйесін іске қосты
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдің төрт ауданындағы 22 мың ауыл тұрғынын таза ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған үш жаңа су жүйесін іске қосу рәсіміне қатысты.

Министрлік топтық су құбырларын реконструкциялау және салу бойынша екі жобаны жоспарланған мерзімнен 1,5 жыл бұрын аяқтады. Тағы бір жоба аяқталуға жақын.

Қазіргі таңда Тайынша және Ақжар аудандарындағы елді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау мақсатында Булаев топтық су құбырынан су тарту тармақтарын салу бойынша екі жоба толық жүзеге асырылды.

Тайынша ауданындағы 13 ауылды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жалпы ұзындығы 170 шақырым болатын су құбыры мен сорғы станциясы салынды. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылдың сәуірінде басталып, қазан айында аяқталды. Ал бастапқы жобада құрылыс мерзімі екі жыл деп жоспарланған болатын.

Булаев топтық су құбырының жаңа су тарту тармақтарына қосылған Тайынша ауданының ауылдары бұрын-соңды орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған емес. Бұған дейін бұл елді мекендер суды ұңғымалардан, құдықтар мен блок-модульдерден алып келген. Енді тұрғындар суды үйлеріне тікелей тарта алады.

Ақжар ауданында Булаев топтық су жүйесінен ұзындығы 123 шақырым болатын су тарту желілері салынды. Бұл жоба да екі жылға есептелген еді. Бұған дейін бұл ауылдарда да су ұңғымалар мен құдықтардан алынып келген. Алайда судың сапасына қатысты сұрақтар болғандықтан жергілікті тұрғындар оны тұрмыстық мақсатта пайдалана алмаған.

Аяқталуға жақын тұрған үшінші жоба Көкшетау топтық су құбырынан жалпы ұзындығы 220 шақырым болатын су тарту желілерін салуды көздейді. Бұл желілер Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау және Шал ақын аудандарындағы 24 ауылды қамтиды. Қазіргі таңда мердігер ұйым негізгі жұмыстарды толық орындап, су құбырларын іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл елді мекендер бұған дейін орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған емес. Су тарту желілері салынғанға дейін 24 ауыл да суды ұңғымалардан, құдықтар мен блок-модульдерден алып келген.

«Жаңа су құбырлары сапалы ауыз суды үйлерге дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл ауылдарда мұндай жүйе бұрын-соңды болмаған. Су жүйелерінің құрылысы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын едәуір жақсартып, кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамытуға негіз қалайды. Мемлекет басшысының қазақстандықтарды ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында биыл барлық үш жобаны аяқтау үшін қажетті шаралар қабылданды. Қазіргі уақытта министрлік 950 мыңнан астам адамды ауыз сумен қамту үшін 2,4 мың шақырымнан астам су құбырын салу және реконструкциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ елдің 9 өңірінде 29 жоба жүзеге асырылуда», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Tags: ауыз суСу ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовүш жаңа су жүйесін іске қосу
Jasyn

Jasyn

Next Post
Шу ауданында 41 браконьер қолға түсті

Шу ауданында 41 браконьер қолға түсті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Ақтау әуежайында контрабандалық зергерлік бұйымдарды әкелу алдын–ала тоқтатылды

Ақтау әуежайында контрабандалық зергерлік бұйымдарды әкелу алдын–ала тоқтатылды

2 года ago
Тыйым салынған діни материал мен уағыз-насихатты әлеуметтік желілерде жариялап отырған

Тыйым салынған діни материал мен уағыз-насихатты әлеуметтік желілерде жариялап отырған

4 месяца ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In