• RU
Понедельник, 10 ноября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Топ

Үш туристік нысанға жол салынды

2024 жылы Жамбыл облысына 199 107 турист ат басын бұрды. Олардың басым бөлігі Ресей, Қытай және Өзбекстаннан келген шетелдік қонақтар. Биылғы жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша өңірге 99 852 турист келіп, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,4 пайызға артқан.

by Jasyn
10/11/2025
in Топ
0
Үш туристік нысанға жол салынды
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жалпы алғанда соңғы екі жылда туристерге көрсетілген қызмет көлемі 1,8 млрд. теңгеден 3,6 млрд. теңгеге дейін өскен.

Жергілікті бюджет есебінен 1 млрд. 186 млн. теңге бөлініп, жалпы ұзындығы 34,8 шақырымды құрайтын үш туристік нысанға алып баратын автожол
салынды. Құрылыс жұмыстары толық аяқталып, нәтижесінде «Koksai resort» (19,5 шқ), «Таскөл» (2,8 шқ) және «Алмалы» (12,5 шқ) демалыс орындарына жайлы әрі қауіпсіз жету мәселесі шешімін тапты. Бұл өз кезегінде туристер ағынының артуына жол ашып отыр.

Жамбыл облысы – тарихи-мәдени мұраға бай өңір. Мұнда 3 510 тарихи ескерткіш бар. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан және ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген Баласағұн, Құлан, Өрнек, Костөбе қалашықтары мен «Ақыртас» кешені аймақтың туристік әлеуетін арттырып отыр. Бұған қоса, облыс аумағында 200-ден астам ежелгі қалашықтар бар, ал тау бөктерінде 30-дан астам шатқал орналасқан.

Қазіргі таңда өңірде 224 туристік орналастыру орындары, 395 тамақтану пункті, 7 шипажай, 90 демалыс аймағы, 11 балалар сауықтыру лагері жұмыс істейді. Сонымен қатар 19 туристік компания және 25 көлік қызметін ұсынушы субъектілер туристерге өз қызметтерін ұсынуда.

Фото: Жамбыл әкімдігі

Tags: Жамбыл облысытарихи-мәдени мұраТуризмҰлы Жібек жолы
Jasyn

Jasyn

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Елордаға Астана атауы қайта беріле ме?

Елордаға Астана атауы қайта беріле ме?

4 года ago
«Тауда түнедік»: Полицей Түркістанда жоғалып кеткендерді іздеу қалай жүріп жатқанын айтты

«Тауда түнедік»: Полицей Түркістанда жоғалып кеткендерді іздеу қалай жүріп жатқанын айтты

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In