2025 жылы жасалатын нотариаттық іс — әрекеттердің заңдылығы және нотариаттық іс жүргізу қағидаларының сақталуы тұрғысынан 13 тексеру жүргізіліп, бір нотариустын әділет органдарының бастамасы бойынша нотариаттық қызмет жасау кезінде бірнеше рет өрескел заң бұзушылық айқындалуына байланысты лицензиясынан сот арқылы айырылды.
Үш адвокаттың лицензиялары қылмыстық жауапкершілікке тартылуына байланысты тоқтатылды. Бір адвокат заң комегін көрсету кезінде заң нормаларын өрескел бұзуына байланысты әділет органдарының бастамасымен лицензиясынан сот арқылы айырылды.
Жамбыл облысы Әділет департаментінің басшысы Мейіржан Исабековтың айтуына қарағанда тауар таңбаларын қорғау үшін биылғы жылы құқық иелерінің арыздары бойынша бірқатар тексерулер жүргізілген. Бөтеннің брендін заңсыз пайдаланған тұлғаларға 11 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Сот қаулысымен кінәлілерге жалпы 1 049 854 теңгеге айыппұлдар салынған. Заңсыз айналымнан жалпы құны – 1 814 380 теңгені құрайтын 415 дана контрафактілік өнім шығарылды.
Фото: Zakon.kz



