• RU
Четверг, 9 октября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты

Ұлттық жобаны іске асыруды бастаған алғашқы аймақ

Түркістан облысы – өңірлерінің ішінде Ұлттық жобаны іске асыруды бастаған алғашқы аймақ. Өңірдегі жобаларға тартылған жалпы инвестиция көлемі 6,9 млрд теңгеден астам. Бұл көрсеткіш облыстың әлеуметтік-экономикалық дамудың қозғаушы күші әрі энергетика мен инфрақұрылым саласына озық шешімдерді енгізудің орталығы ретіндегі мәртебесін айқындайды.

by Jasyn
05/10/2025
in • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты
0
Ұлттық жобаны іске асыруды бастаған алғашқы аймақ
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Энергетика мен инфрақұрылым саласындағы Ұлттық жоба – бұл коммуналдық желілерді жаңғыртуға бағытталған ауқымды мемлекеттік бастама. Оның негізгі бағыттары – сенімді энергиямен қамтамасыз ету, цифрлық инфрақұрылымды дамыту, «жасыл» технологияларды енгізу және халықтың өмір сүру сапасын арттыру.

Бұл – бүгіннің өзінде Қазақстанның оңтүстігіндегі миллиондаған тұрғынның өмірін өзгертетін нақты жобалар. Жаңа электр жеткізу желілерінің құрылысы, тозған сымдарды ауыстыру, заманауи технологияларды енгізу және ауылдық елді мекендердегі желілерді қайта жаңғырту – мұның бәрі энергиямен қамтамасыз етудің сапасы мен сенімділігін арттыруға бағытталған нақты қадамдар.

Бастамалар «Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниялар тобы мен оның еншілес компаниясы «Оңтүстік Жарық Транзиттің» қатысуымен жүзеге асырылуда. Бұл кәсіпорындар тек инвестиция құйып қана қоймай, өңірдің энергетикалық жүйесін басқарудың жаңа стандартын қалыптастыруда.

Компания электр энергиясын есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін, цифрлық сервистерді белсенді енгізіп, электр жеткізу желілерін мен трансформаторлық қосалқы стансаларды жаңартып жатыр. Әсіресе ауылдық аудандарға ерекше назар аударылуда, себебі мұндағы желілерді жаңғырту халықтың өмір сүру сапасына және шағын және орта бизнестің дамуына тікелей ықпал етеді.

Бүгінде «Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниялар тобы мен «Оңтүстік Жарық Транзит» Түркістан облысындағы Ұлттық жобаның негізгі операторларының бірі ретінде оның тұрақты әрі нақты жүзеге асырылуын қамтамасыз етіп отыр. Бұл – бизнестің инвестициялар, инновациялар мен әлеуметтік жауапкершілікті үйлестіре отырып, оң өзгерістердің қозғаушы күшіне айнала алатынының айқын үлгісі.

«Түркістан облысында құны 6,9 млрд теңгеден асатын Ұлттық жоба мен «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасының аясындағы жобалар жүзеге асырылуда. Өңір елде бірінші болып сөзден іске көшіп, мемлекет пен бизнестің күш біріктіруі миллиондаған тұрғынды сенімді энергиямен қамтамасыз етіп, өркендеуге берік негіз қалатынын көрсетті», — деді Сабырғали Идрисов , «Қазақстан коммуналдық жүйелері» компаниялар тобының бас директоры.

«Бүгін біз Түркістан облысының 12 ауданында шамамен 90 км электр желілерін реконструкциялап, жаңа буындағы жоғары температураға төзімді сымдарды енгізіп жатырмыз. Бұл келесі онжылдықтарға энергия шығынын азайтуға және сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — атап өтті «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС бас директоры Айдар Махамбет.

Ұлттық жоба мен «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы нақты іс жүзінде жүзеге асырылуда. Түркістан облысында құны 6,9 млрд теңгеден асатын ірі инфрақұрылымдық жаңғырту жобалары жүзеге асырылып жатыр. Бұл жай сандар емес, нақты іс-шаралар: сымдар жаңартылып, жаңа тіректер орнатылып, заманауи электр желілері жүргізілуде.

Түркістан облысы Төлеби ауданында 110 кВ желілеріндегі ескі сымдарды ауыстыру жұмыстары туралы айтатын болсақ, инвестиция көлемі 418,7 млн теңгені құрап отыр. 31 тіректің 10-ы орнатылды, ал жаңартылған желінің алғашқы километрлері тұрғындарға тұрақты электрмен қамтамасыз етуді қолжетімді етуде. Жұмыстардың аяқталуы 2025 жылдың қазан айына жоспарланған. Шаруа таңғы 4:00-ден 8:00-ге дейін, яғни аз тұтыну уақытында тындырылуда. Бұл тәсіл ірі жаңғыртуды тұрғындар мен бизнеске кедергісіз, күнделікті өмірді бұзбай жүргізуге мүмкіндік береді.

Түркістандағы «Орталық» және «Яссы» қосалқы станциялары арасындағы жаңа электр желісі. Бұл облыстағы ең ірі жобалардың бірі — құны шамамен 3,8 млрд теңге. Жаңа 110 кВ желісі Түркістандағы ең ірі «Орталық» қосалқы станциясынан «Яссы» станциясына дейін созылмақ. Қазір мердігер геодезиялық жұмыстар жүргізіп жатыр, жобаны аяқтау 2026 жылдың ақпанына жоспарланған. Бұл жоба энергетикалық сенімділікті күшейтіп, облыс орталығына қосымша «артерия» құрады.

Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы 110 кВ желіні реконструкциялау жұмыстары 110 кВ әуе электр желісіндегі сымдарды ауыстыру жұмыстары басталып, бұған 328,2 млн теңге инвестиция салынды. 33 км желіден 15 км-ы тартылды. Жаңғыртудан кейін желінің өткізу қабілеті артып, оның тұрақтылығы күшейеді.

Фото: Халықаралық коммуникациялар

Tags: Ұлттық жобаэлектр желілерін реконструкциялауЭнергетика мен инфрақұрылым
Jasyn

Jasyn

Next Post
Барлық индикаторлық көрсеткіштер толық орындалуы керек

Барлық индикаторлық көрсеткіштер толық орындалуы керек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Таразда жол ережесін бұзып, әлеуметтік желіні шулатқан жүргізуші ұсталды

Таразда жол ережесін бұзып, әлеуметтік желіні шулатқан жүргізуші ұсталды

1 год ago
Жамбыл облысында көлікпен от шашу жасаған жүргізуші жауапқа тартылды

Жамбыл облысында көлікпен от шашу жасаған жүргізуші жауапқа тартылды

9 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In