• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home білім

Ұлттық университет Т.Рысқұловтың атын неге алып тастады?

Сенатор Дархан Қыдырәлі еліміздің Премьер-Министрі Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында мемлекет тарихына байыппен қарап, Алаш арыстарын ұлықтау туралы ойларын ортаға салды. Таяуда Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысының тұлғаларды бір-біріне қарсы қоймау туралы сөзін еске салған сенатор ел бірлігі үшін зиялылардың бірлігі шарт екенін айтты.

by Jasyn
19/05/2024
in білім, Топ
0
Ұлттық университет Т.Рысқұловтың атын неге алып тастады?
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Биыл қазақ жерінің тұтастай бір республикаға бірігіп, еліміздің қазіргі шегарасының айқындалғанына жүз жыл – бір ғасыр толып отыр. Мемлекетіміздің тұтастығы үшін бұл маңызды оқиға елеусіз қалмауы тиіс. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Әлімхан Ермеков сынды алаш қайраткерлері бастаған тарихи процесті сол кезде билікте болған Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Сейітқали Меңдешев, Санжар Асфендияров, Темірбек Жүргенов, Жалау Мыңбаев сияқты тұлғалар аяқтап шықты. Қазақ атын қайтарған Сәкен Сейфуллин мен ашаршылыққа қарсы күрескен, алаш қайраткерлерін қамқорлыққа алған Тұрар Рысқұловты құр коммунист аты немесе өзін қорғау үшін жазған хаты үшін жазғыру – әбестік», — деді сенатор.

Тұлғалар туралы сөз қозғағанда әдептен озбау туралы айтқан сенатор барымызды бағалау, ірілерді алаламау туралы атап өтті. Түптің түбінде, өркениеттің бастауы – көркем ниеттен басталады. Сондықтан, Алаш арыстары атқарған ұлы істерді бүгінгі ұрпақ ізгі істермен жалғастырып отыруы тиіс. 2000 жылы аға ұрпақ өкілдерінің бастамасымен Халық шаруашылығы институты Ұлттық экономикалық университетке айналып, оған Рысқұловтың есімі берілген еді. Кейін оқу орны жекеменшікке өтіп, Т.Рысқұловтың атын алып тастады. Сенатор Үкімет қаулысына сәйкес берілген атауды ЖОО қандай басқару түріне жататынына қарамай, ауыстыруға құқы жоқ екенін атап өтті.

«Биыл Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қожановтың туғанына 130 жыл. Тұғырлы тұлғалардың мерейтойларын даңғазасыз, тағылымды етіп атап өту керек. Бұл ретте ономастика мәселесіне де назар аудару қажет. Шегарамызды айқындауға айрықша үлес қосқан Әлімхан Ермеков сияқты тұлғалар елеусіз қалмауы тиіс. Алаш арыстарының көбі қайда жерленгені белгісіз. Жақында Алматының іргесіндегі Жаңалық ауылында саяси репрессияға ұшыраған 163 адамның сүйегіне зерттеу жүргізіліп, генетикалық талдау арқылы 50 адамның дерегі анықталды. Қаражат бөлінсе, осындай әдіс арқылы Ахмет Байтұрсынұлы, Ілияс Жансүгіров сияқты тұлғалар туралы деректер нақтыланар еді», — деді сенатор.

Д.Қыдырәлі депутаттық сауалында қараусыз жатқан Қандысайға немесе Жаңалық ауылына Ата-Бейіт сияқты іргелі кешен тұрғызу – перзенттік парызымыз екенін атап өтті.

 

Tags: Сенатор Дархан ҚыдыҰлттық университет
Jasyn

Jasyn

Next Post
Сақтандыру компанияларына сенім төмен, сақтандыру мәдениеті қалыптаспаған

Сақтандыру компанияларына сенім төмен, сақтандыру мәдениеті қалыптаспаған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жастарға жаңа мүмкіндіктер беруіміз керек

Жастар әрдайым ізденісте болуы керек

6 месяцев ago
ҚХР-мен шекарадағы «Бақты» өткізу пунктінде жеке тұлғалардың өткізілуі уақытша тоқтатылады

ҚХР-мен шекарадағы «Бақты» өткізу пунктінде жеке тұлғалардың өткізілуі уақытша тоқтатылады

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In