• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

Үлкендерден үлгі алған ұрпақтың азбасы анық

Отбасы – еліміздің мызғымас тұрақтылығының, ауызбіршілігі мен болашағының қайнар көзі. Себебі, тәрбиелі ұрпақтың ел мен жерге адал қызмет жасауы жанұядағы өнегеден бастау алмақ.

by Jasyn
13/09/2024
in • Жастар саясаты
0
Үлкендерден үлгі алған ұрпақтың азбасы анық
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сондықтан да, «Отбасы» қашанда қоғамның іргесін ұстайтын маңызды тетігі, діңгегін қалаушы берік кірпіші. Қазақ халқы үшін отбасы ұғымы қашаннан қасиетті де киелі. Дана халқымызда «Отан – отбасынан басталады» деген керемет сөз бар. Отбасында жарасым, сүйіспеншілік, мейірім болса ғана шаңырақ биік құрылып, керегесі кең болып, түтіні түзу ұшады.

Жақында Сарыағаш ауданы әкімінің міндетін атқарушы Алдияр Қозыбаев үлгілі отбасыларға алғыс хаттар мен гүл шоқтарын сыйлап, жаңадан отау көтерген жас отбасыларға неке куәлігі мен арнайы сыйлықтар табыстады. Жалпы ауданның 14 үлгілі отбасын құттықтады.

Кездесуге қатысқандар ағалардың атынан Жібек жолы ауылдық округінің тұрғыны, бірнеше ұл-қызды тәрбиелеп өсірген үлгілі, мерейлі отбасының ақсақалы Кендебай Қойлыбаев атамыз сөз алып, өздеріне көрсетілген құрмет үшін аудан әкімдігіне алғыстарын айтып, ауданның өсіп-өркендеуіне жемісті қызмет етуін тіледі.

Сонымен қатар, аудан әкімінің міндетін атқарушы Алдияр Қозыбаев аудандық орталық аурухананың перзентхана бөліміне арнайы барып, ана атанған жас аналарымызды Отбасы күні мерекесімен құттықтап бағалы сыйлықтар табыстады.

Сондай-ақ бұл күні Сарыағаш ауданында жас отбасылар арасында «Отбасы – өмір аясы» атты облыстық жас отбасылар сайысы өтті. Сайысты аудан әкімінің орынбасары А.Қозыбаев құттықтау сөз айтып ашып, қатысушыларға сәттілік тілеп, отбасын нығайтудағы спорттық іс-шаралардың рөлі туралы атап өтті.

Сайыстың мақсаты — жас отбасылар арасында отбасылық құндылықтарды, отбасы мүшелерінің спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Спорттық іс-шара 4 кезеңді қамтыды.

Атаулы сайысқа облыс аумағындағы аудан-қаладан 9 отбасы қатысты. Жарыстың әр кезеңінде жеңімпаздарды эстафеталық сайыстар арқылы төрешілер анықтап отырды. Тартысты өткен сайыс жеңімпаздарын облыстық жастар ресурстық орталығының басшы орынбасары П. Есқұлов құттықтап, марапаттады.

Сайыс нәтижесінде:

I орын Эшмурзаевтар отбасы (Бәйдібек ауданы)

II орын Истургановтар отбасы (Шардара ауданы)

III орын Дербістер отбасы (Жетісай ауданы)

Сайыс жеңіпаздарымен қатысушыларғы арнайы дипломдары мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Тағы бір айтары, «Отбасы күні» мерекесіне орай Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын Қолдау Орталығы» және Сайрам аудандық Азаматтық xaл актілерін тіркеу бөлімі (АХАТ) мамандарының бірлесуімен, ерлі-зайыптылардың неке қию рәсімі өткізілді.

Салтанатты рәсім барысында аталған мекеме мамандары тарапынан жаңадан шаңырақ құрған жұптарға керекті көптеген өмірлік кеңестер айтылды.

Атап айтқанда, жас отбасылардың құқықтық және қаржылық сауаттылықты өз деңгейінде білуі, зорлық-зомбылықтың алдын алуы және жол бермеуі, эмоционалды интеллект, жұптардың бір-бірінің алдында жауапкершілікті сезіне білуі, салауатты өмір салтын ұстана отырып денсаулықты сақтауы және отбасында жарасымдылық орнатуы сияқты маңызды мәселелер бойынша олардың өмір жолына бағыт-бағдар берілді.

Бұдан бөлек, тұрмыста мұндай келеңсіздіктерге тап болған кезде тығырықтан тез арада шығудың тиімді жолдарын жүзеге асыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ал, Төлеби ауданының ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен үлгілі отбасыларды дәріптеу мақсатында «Мерейлі отбасы» байқауының қатысушысы Бекишовтар отбасын марапаттау рәсімі өткізілді.

Іс-шараға Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Абдиев, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ә.Шыңғысбаев, ҚХА жанындағы Төлеби аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің төраға орынбасары А.Османов, ҚХА жанындағы Төлеби аудандық неміс этномәдени бірлестігінің төрайымы Л.Климентьевна, аудандық аналар кеңесінің төрайымы А.Рахишова және аналар алқасы мүшелерімен жас отбасылар қатысты.

Іс-шараның мақсаты — “Мерейлі отбасы” байқауының қатыушысы Бекишовар әулетінің ерең еңбектері мен жұмыс жолындағы жемістерін, отбасы құндылықтарын, бала тәрбиесін дәріптеу дұрыс бағыт бағдар беру және білімге баулуды жастарға, жас отбасыларға үлгі ретінде көрсету.

Иә, қашанда үлкендерден үлгі алған ұрпақтың азбасы анық. Жаңа өскінге үлгі-өнеге көрсететін – өзіміз. Барлық жақсы ісімізбен жастарды қайырымдылыққа, мейірімділікке баулысақ, еңбегіміздің өтелгені. Яғни, кейінгі ұрпақ алдыңғы толқын аға буынға қарап өсуі тиіс. Солардан үлгі алып ізгі істерін жалғастыруы керек. Өмірдің заңы осындай. Осы үрдістің өміршеңдігі сол — алдыңғы буын аға ұрпақтың жастар бойына жақсы қасиеттерді дарытуына, ата дәстүрді қалыптастыруына, жақсы тәрбие беруіне байланысты.

Міне, осы тұрғында Түркістан қалалық жастар орталығының ұйымдастыруымен «Арманға жету жолындағы алғашқы қадамдар» тақырыбында ҚР Мәдениет қайраткері, Түркістан қаласының Құрметті азаматы, «Би падишасы» атанған Ұлжалғас Мұстафаевамен кездесу кеші өтті.

Мазмұнды кештің мақсаты — эстетикалық сезім мен талғамды қалыптастыратын құдіретті би өнерін жастарға шабыт беретін рухани құндылық ретінде насихаттау.

Кездесу кеші би өнерінің тарихымен танысудан басталып, әрі қарай өнер иесінің шығармашылық жолы туралы тартымды тақырыпта әңгіме өрбіді. Кездесуге би падишасының замандас достары мен қаладағы белсенді жастар қатысты.

Сахна саңлағының би өнеріндегі мыңдаған шәкірттері бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет етеді. Шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі – ұстаз. Ардақты ұстазды ел қадірлеп, шәкірттері ерекше құрметтейді.

Би өнерінің білгірі Ұлжалғас Мұстафаева кездесу барысында жастардың сұрағына жауап беріп, жетістікке жету жолындағы ұстанымдарымен бөлісті. Ел ертеңі жастарға деген жүрекжарды лебізін білдіріп, баянды бақыт тіледі.

 

Tags: "Мерейлі отбасы"«Арманға жету жолындағы алғашқы қадамдар»«Отбасы күні»Сарыағаш ауданыТөлеби ауданыүлгілі отбасы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Қазақстанда демографиялық саясатпен айналысатын мемлекеттік орган жоқ

Қазақстанда демографиялық саясатпен айналысатын мемлекеттік орган жоқ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«Бестен бірі ғана өз мамандығымен жұмысқа орналасады»

«Бестен бірі ғана өз мамандығымен жұмысқа орналасады»

1 месяц ago
Жамбыл облысында жалған құжаттарды дайындаумен айналысатын адамдар тобы ұсталды

Жамбыл облысында жалған құжаттарды дайындаумен айналысатын адамдар тобы ұсталды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In