• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Үкімет Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын қалай жүзеге асырады?

Сенатор Нұртөре Жүсіп еліміздің Премьер-Министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында жол бойындағы жасыл желектің аздығы туралы айтып берді.

by Jasyn
26/04/2024
in Қоғам
0
Үкімет Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын қалай жүзеге асырады?
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сенатордың айтуынша, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының желісі 25 мың шақырымды құрайды. Алайда, оның 6,3 мың шақырымы ғана жасыл желекпен қамтылған. Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстанда логистикалық әлеуетті арттыру мақсатында әлемдік стандарттарға сәйкес автомагистральдар салынды. Дегенмен, қазіргі кезде жол бойын көгалдандыру мәселесі тиісті деңгейде дамымай отыр.

«Бүгінгі таңда, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының барлық желісі бойынша «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының тек Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстық филиалдарында 5 ағаш отырғызу учаскесі бар. Қалған аймақтарда бұл да жоқ. Аталған мекемелер бұрын егілген орманды баптау жұмыстарымен ғана шектеліп отыр. 2021-2023 жылдары  республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына 3 мың түп ағаш пен көшет отырғызылған. Атап айтқанда, Алматы облысында 253 шақырым жолға 1,2 мың түп, Қарағанды облысында 982 шақырым жолға 1,6 мың түп тиіп отыр. Алайда бұл жалпы көлемге шаққанда тым мардымсыз», — деп атап өтті сенатор.

Сенатор жол бойын көгалдандыру жұмысының кенже қалуының тағы бір ықтимал себебін атап өтті. Ол көгалдандыру ұйымдарымен, ғылыми институттармен және ботаникалық бақтармен ынтымақтастықтың жоқтығы. Сенатор осыған байланысты Үкімет атына бірқатар нақты сауалдар жолдады.

«Ботаникалық бақтардың ғылыми әлеуетін пайдалануға Үкімет ниетті ме? Республикадағы автомобиль жолдары мен теміржолдарға жауапты мекемелер, сондай-ақ елді мекендер мен қалаларды көгалдандыруға жауапты ұйымдар өз қызметтеріне еліміздің осындай әлеуетті ғылыми ұйымдарын қашан тартады? Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» деген бастамасын елдің барлық аймақтарында жедел жүзеге асыру үшін Үкімет қандай нақты шараларды қолға алғалы отыр?», — деді сенатор.

 

 

Tags: «Таза Қазақстан»жол бойын көгалдандыружол бойындағы жасыл желекСенатор Нұртөре Жүсіп
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жамбылдың ауылшаруашылығы саласы қарыздан көз ашпай тұр

Жамбыл облысы 28,8 млрд теңге қарыздан қашан құтылады?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбыл облысында жарықтың өшуіне қарғаны кінәлаған әкім желіде жұлдыз болды

Жамбыл облысында жарықтың өшуіне қарғаны кінәлаған әкім желіде жұлдыз болды

4 года ago
Қазақстандықтар Алматы қаласының атауын өзгертуге петиция жариялады

Қазақстандықтар Алматы қаласының атауын өзгертуге петиция жариялады

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In