• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Без рубрики

ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНІҢ АУМАҒЫНДА САКУРА ГҮЛДЕДІ

by Jasyn
06/03/2024
in Без рубрики
0
ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНІҢ АУМАҒЫНДА САКУРА ГҮЛДЕДІ
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанда Ясауи кесенесінің аумағындағы ботаникалық бақта сакура ағашы бүршік жарып жатыр. Ислам бағы негізінде салынған ерекше саябақта 200 түп сакура ағашы, жалпы әлемде сирек кездесетін мыңға жуық ағаш егілген. 7,7 гектар жерге жайғасқан демалыс аймағында жақын күндері мыңдаған қызғылт, күлгін, ақ түске боялған шие ағашының гүлденуі күтілуде.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы тынымсыз жүріп жатқан құрылыс, жөндеу жұмыстарын пысықтау үшін шаһардағы құрылыс алаңдарында болды. Ботаникалық бақта Германиядан арнайы әкелінген ағаш пен гүлдердің 50-ден астам түрі отырғызылған. Олардың ішінде сәндік жеміс ағаштары мен күлгін түсті күл ағашы, катальпа ағашы, долана, каштан, терек, тұт ағашы, үйеңкі, раушан гүлі мен қызғалдақтың сан алуан түрлері бар. Демалыс аумағы биіктігі 1 метрден аспайтын мыңға жуық ерекше дизайнды жарықшамдармен жарықтандырылған. 350 арнайы шамдар жол үстіне орналастырылған. Декоративті су арналары мен субұрқақтар салынған.
Қаладағы жаңа саябақтар мен демалыс орындарын аралаған облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев құрылыс пен жөндеу жұмыстарын 10 күннің ішінде толық аяқтауды міндеттеді. 6 га жерде орналасқан «Рәміздер алаңында» көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мұнда 2 мың көшет отырғызылып, газон төселеді. Субұрқақтар мен арнайы демалыс орындары мен балалар алаңшалары ашылады.
Облыс әкімі қаладағы мәдени — рухани орталықтағы құрылысы аяқталған жаңа ғимараттардың аумағына жолаяқтардың төселуі тым ұзаққа созылғанын қатаң сынға алды. Мойнына алған міндетті созбалаңға салған фирма өкілдеріне сылтау іздемей, тапсырысты дер кезінде орындауды тапсырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Jasyn

Jasyn

Next Post
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны бойынша рекорд жаңарды

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны бойынша рекорд жаңарды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕБАТ ТУРНИРІНІҢ 27 ЖЕҢІМПАЗЫ ПЛАНШЕТТЕР, ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНДАР МЕН НОУТБУКТЕР ЖЕҢІП АЛДЫ: ОҚУШЫЛАРДЫ АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ МАРАПАТТАДЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕБАТ ТУРНИРІНІҢ 27 ЖЕҢІМПАЗЫ ПЛАНШЕТТЕР, ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНДАР МЕН НОУТБУКТЕР ЖЕҢІП АЛДЫ: ОҚУШЫЛАРДЫ АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ МАРАПАТТАДЫ

2 года ago
ІІМ журналист Қалыбек Атжанның өліміне байланысты шымкенттік дәрігерді тексеріп жатыр

ІІМ журналист Қалыбек Атжанның өліміне байланысты шымкенттік дәрігерді тексеріп жатыр

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In