Ұлыбританияда омикрон штамы салдарынан кем дегенді бір адам көз жұмды. Мұндай дерекпен елдің премьер-министрі Борис Джонсон бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
«Өкінішке орай, иә. «Омикрон» жұқтырғандар ауруханаға түсуі мүмкін және қазіргі уақытта кем дегенде «омикрон» жұқтырған бір науқастың мерт болғаны нақтыланды», — деді ол.
Бұған дейін жаңа штамм салдарынан өлгендер туралы хабарланбаған. Джонсон отандастарын коронавирусқа қарсы вакцина алуға шақырды.
Британияның Денсаулық сақтау агенттігінде «омикрон» жұқтырған он науқастың ауруханаға түскенін растады. Ауру жұқтыру дерегі елдің барлық аумағында тіркелген, науқастардың жас мөлшері 18-85 жас аралығында.
«Көп жағдайда науқастар инфекция жұқтырғаннан кейін бірнеше аптадан соң ауруханаға түседі. Қазір біздің деректер бустерлі вакцинаның жаңа штамға қарсы тиімді екенінін көрсетті», — деп түсіндірді Денсаулық сақтау агенттігінің медициналық кеңесшісі Сьюзан Хопкинс.
Британия үкіметі жаңа штамм «жұқпалы» болғандықтан басымдыққа ие болып, тез таралуы мүмкін екенін айтады. Лондондық гигиена мектебінің болжамы бойынша қыста Ұлыбританияда «омикрон» жұқтырғандар саны рекордтық көрсеткішке жетеді. Ал ауруханаға түскендер көрсеткіші өткен жылғыдан да асып кетуі мүмкін.
Британия Денсаулық сақтау министрі Саджид Джавид «омикрон» жұқтырған науқастар саны желтоқсан соңында миллионнан асуы ықтимал екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін британиялық ғалымдар жаңа штамнан қорғану үшін үшінші дозаның қажет екенін хабарлаған. Олардың мәліметінше, бустерлі екпе салдырғандардың 75% аталмыш штамды жұқтырмаған.