• RU
Воскресенье, 6 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Саясат

Ұлттық санақты өткізуге кімдер, қандай жалақыға қабылданады

by Jasyn
06/03/2024
in Саясат
0
Ұлттық санақты өткізуге кімдер, қандай жалақыға қабылданады
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы биылғы 1 қыркүйекте басталатын ұлттық санақты өткізуге қанша адам тартылатынын, оларға қойылатын талаптар мен жалақы көлемін атады.

Халық санағын өткізу үшін уақытша жұмысқа келесі талаптарға сәйкес келетін Қазақстан азаматтары тартылады: жасы 18-ден жоғары, бастамашыл, жауапты, тез тіл табысатын, компьютермен жұмыс жасай алатын. Жұмыс өтіліне және кәсіби біліміне талаптар қойылмайды.

«Қазіргі уақытта 17 аймақтан жалпы саны 85 адамнан тұратын ұлттық санақты дайындау және өткізу жөніндегі штаттан тыс бөлімдер құрылды. Барлық қызметкермен еңбек келісімшарты жасалды, дәрежелеріне байланысты 65-105 мың теңге аралығында айлық еңбекақы белгіленді. Бұл бөлімдер өз аймақтары бойынша санаққа дайындық және өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде, уәкілдердің, нұсқаушы-бақылаушылардың және интервьюерлердің жұмыстарын бақылауда», — деді ведомстводан.

Сондай-ақ мәлім етілгендей, санақты ұйымдастыру және өткізу үшін аудан орталықтарындағы және ауылдық округтердегі статистиканың аумақтық бөлімшелерінде 997 нұсқаушы (уәкілдер) жұмысқа тартылатын болады. Уәкілдердің еңбекақысы 85 477 теңгені құрайды.

Сондай-ақ, айлықтың 10% мөлшерінде жалақыға үстеме қарастырылған. Нұсқаушылардың міндетіне жатады: санақтың жүргізілуін БАҚ-та жариялауды ұйымдастыру; санақ қызметкерлерін таңдау, оларды оқыту және үйлестіру; санақтық аудандастыруды (тіркеу, нұсқаушылық және есептік учаскелерге бөлу) құруды қамтамасыз ету; тұрғындар санағын өткізуге қатысу.

Мәліметтерді жинау бойынша тікелей жұмысқа уақытша 32 313 маман: нұсқаушы-бақылаушылар және интервьюерлер қабылданатын болады. Интервьюерлермен және нұсқаушы-бақылаушылармен ақылы қызмет көрсету бойынша келісімшарттар жасалады. Интервьюерлердің 1-ші және 2-ші кезеңнің жұмысына ақы төлеу толық көлемде қызмет көрсетілген жағдайда 30 күнге 83-104 мың теңгені құрайды. 1-ші және 2-ші кезеңнің нұсқаушы-бақылаушыларына толық көлемде көрсетілген қызмет үшін 45 күнге 125 014 теңге төлеу жоспарлануда. Интервьюерлер 1-30 қазан аралығында санақтан онлайн-режимде өтпеген респонденттердің үйлеріне барады. Олар сұрақтардың жауабын планшеттерге енгізіп алады.

2021 жылғы санақтың ұраны — «Қазақстанда әркім маңызды! В Казахстане каждый важен!». Елімізде ұлттық санақ 2021 жылдың 1 қыркүйегі — 30 қазаны аралығында өтеді. Қазақстандықтар барлығы 87 сұраққа жауап береді. Ұлттық санаққа бірнеше жолмен қатысуға болады. Халық санағы өтетін кезеңде call-орталық жұмыс жасайды.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Абылай Әуелханов жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

Абылай Әуелханов жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«Ninety One сатқындық жасады»: Жұбаныш Жексенұлы атышулы топқа айып тақты

«Ninety One сатқындық жасады»: Жұбаныш Жексенұлы атышулы топқа айып тақты

4 года ago
Жамбылда мас жүргізушіні қуған полицейлердің бейнежазбасы жарияланды

Жамбылда мас жүргізушіні қуған полицейлердің бейнежазбасы жарияланды

5 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In