Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы көмек көрсетілетінін айтты деп жазады BAQ.KZ.
«2023 жылдан бастап бағаны әкімшілік реттеуден халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы көмек көрсетуге ауысуды бастау орынды деп есептейміз. Бұл сервистік инфляцияны 2022-2024 жылдары 4 пайыз деңгейінде тұрақтандыруға мүмкіндік береді», — деді ол.
Ерболат Досаевтың айтуынша, ұсынылатын шаралардың тиімділігі көбінесе өңірлердегі жұмыстың жұмыла ұйымдастырылуы мен үйлестірілуіне байланысты.
Ұлттық банк төрағасы бірқатар облыста биылғы жылдың басынан бастап бағалардың тұрақты түрде жоғары өсімі байқалатынын жеткізді. Мысалы, осы жылғы тамызда 5 өңірде инфляция 9 пайыздан жоғары қалыптасқан.
«Осыған байланысты Ұлттық банк аталған облыстар үшін инфляцияны тұрақтандырудың арнайы жоспарларын қабылдап, өңірлермен бөлек-бөлек жұмыс жүргізуді ұсынды», — деді Ерболат Досаев.