• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Үкімет құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты қандай шаралар қабылдауда

by Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
Үкімет құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты қандай шаралар қабылдауда
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елдегі құрылыс материалдарының қымбаттауына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қалыптасқан геосаяси жағдайға байланысты туындаған көлік-логистикалық дағдарыс аясында биыл басқа елдердегідей Қазақстанда да объектілер құрылысының қымбаттауы және құрылыс материалдарын жеткізушілердің алыпсатарлық әрекеттерінің өсуі өзекті мәселе болып отыр.

Осыған байланысты ішкі нарықтың құрылыс материалдарына деген қажеттілігін қанағаттандыру, сондай-ақ импортқа тәуелділікті төмендету және бағаның ауытқуын болдырмау үшін 2025 жылға дейін 15,7 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашып, 157 инвестициялық жобаны іске асыру ұсынылды. Қазіргі уақытта өңірлердегі әкімдіктерімен, даму институттарымен және «Атамекен» ҰКП-мен келісе отырып құрылыс индустриясы жобаларын 2025 жылға дейін егжей-тегжейлі іске асыру жөніндегі Жол картасы әзірленіп, бекітілді.

Сонымен қатар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-мен бірлесіп, импортты алмастыратын 35 жоба іріктеп алды.

Аталған жобаларды іске асыру сантехкерамика, жылу оқшаулағыш материалдар, бөлмелер арасындағы есіктер, ДСП, шыны, керамикалық плиткалар, еден жабындары және басқа да сұранысқа ие құрылыс материалдары санатындағы импорт үлесін төмендетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ министрлік бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан объектілер құрылысының қымбаттауының алдын алу үшін қадамдар жасады. Мәселен, құрылыс ресурстары құнының елеулі ауытқуына жедел ден қою мақсатында ведомство құрылыс материалдарының өзекті сметалық бағаларының жинақтары шығарылуда. Бұл бюджеттік объектілердің аяқталмаған құрылыс көлемінің ұлғайып кету тәуекелін төмендетуге мүмкіндік береді.

Орын алып жатқан процестерге байланысты Қазақстанда мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан 286 нысанның құрылысы тоқтатылғанын атап өткен жөн. 84 жағдай бойынша құрылыс жұмыстары жобалардың қымбаттауына байланысты тоқтап қалғаны анықталды.

Құрылыс саласын тұрақты мониторингілеу нысандарды қаржыландыру кезінде жергілікті атқарушы органдардың жүйесіз іс-қимылы осындай қымбаттаудың бірден бір себебі болып табылатынын көрсетеді. Бір нысанды аяқтамай, олар тағы бірнеше жобаны жүзеге асыруға кіріседі және осы қаражат шегінде құрылыстың аяқталу мерзімін ұзартады. Бұл мердігерлердің өз міндеттемелерін толықтай орындамай, құрылыс жұмыстарының тоқтауына әкеп соғады. Өткен жылы құрылыс ресурстары құнының өсуіне байланысты өңірлердің әкімдіктері 641 жоба бойынша құрылыс құнын түзету бойынша өтініш білдірген.

Осыған байланысты ҚР ИИДМ Қаржы министрлігіне қаржыландыру мерзімдерін орындау бөлігінде жауапкершілік шараларын қатаңдатуды, сондай-ақ жобаларды түзетуді жеңілдету бөлігінде мемлекеттік аудит жүргізу мерзімдерін нақтылауды ұсынды.

Қабылданып жатқан шаралар елдегі тұрғын үй және өнеркәсіп құрылысының қарқынын төмендетпеуге мүмкіндік береді.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Қазақстан Халық партиясы еліміздің Конституциясына 5 түзету енгізу туралы бастама көтерді. Аталған түзетулерді бүгін Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Біріншіден, жер, оның қойнауы мен байлығы Қазақстан халқына тиесілі. Біз әрбір қазақстандықтың жер мен пайдалы қазбаларды иеленудің, одан табыс алудың конституциялық құқығы үшін жердің, жер қойнауы мен байлығының халықтық меншігін бекітуді ұсынамыз. Екіншіден, мемлекет ерлер үшін 63 жастан, әйелдер үшін 58 жастан бастап зейнетке шығуға кепілдік береді. Біз негізгі әлеуметтік кепілдік ретінде Конституцияда азаматтардың зейнетке шығу жасын белгілеуді және бұл мәселеде алдағы бірнеше жылға нүкте қоюды ұсынамыз. Бұл ретте әйелдер үшін зейнет жасын арттыру шешімін түзетіп, оны 58 жасқа дейін төмендету қажет деп санаймыз», – деді партия төрағасы, Оның айтуынша, үшінші түзету– мемлекет жыл сайын зейнетақыны, шәкіртақыны және әлеуметтік жәрдемақыны өткен жылғы инфляциядан жоғары деңгейге индекстеуге міндеттенеді. Осы ретте Халық партиясы зейнетақыны, шәкіртақыны және бюджеттен төленетін барлық әлеуметтік төлемдерді жыл сайын міндетті түрде инфляция деңгейіне индекстеу туралы түзетуді ілгерілетеді. Бұл шығыстар басым сипатқа ие болуы керек және Үкіметтің шешімдеріне тәуелді болмауға тиіс. Төртінші, мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін заң жобаларын енгізу кезінде Үкіметтің оң қорытындысының болуы туралы норма алынып тасталуы қажет. «Бесінші – атқарушы биліктің Парламентке есептілігін бекіту. Атқарушы билікке парламенттік бақылауды күшейту қажет. Министрлер депутаттарға үнемі есеп беруі керек. Есеп бекітілмеген және сенімсіздік білдірілген жағдайда министрлер отставкаға кетуге тиіс», – деді Ермұхамет Ертісбаев.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Таразда дүкеннен 2 млн теңгеге киім ұрлаған азаматша ұсталды

Таразда дүкеннен 2 млн теңгеге киім ұрлаған азаматша ұсталды

1 год ago
Қазақстан ТМД-ға төрағалықты қабылдады

Қазақстан ТМД-ға төрағалықты қабылдады

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In