• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Экономика

Үкімет қой экспортына тыйым салу туралы ұсынысты қарады

by Jasyn
06/03/2024
in Экономика
0
Үкімет қой экспортына тыйым салу туралы ұсынысты қарады
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Үкімет мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, Қазақстанның қой өсірушілер Ұлттық қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаевтың тірі ұсақ малдың экспортына толық тыйым салу туралы ұсынысын қарады, деп хабарлайды  АШМ баспасөз қызметі.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша ағымдағы жылдың басында ұсақ мал басы 20,05 млн басты құрады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша өсім 902 мың басты (4,7%) құрады, бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Ағымдағы жылдың басынан бері төл есебінен қой басы 7,1 млн. — ға ұлғайды, осылайша, ағымдағы жылдың 1 маусымына Қазақстанда 27,1 млн. ұсақ мал басы бар. Айта кету керек, жыл сайын республикада 172,4 мың тонна қой еті өндіріледі.

Ішкі нарықтың қамтамасыз етілуі 100,7% — ды құрайды. Ағымдағы жылдың 4 айында Біріккен Араб Әмірліктеріне, Өзбекстан, Бахрейн және Ресей елдеріне 538 тонна қой еті экспортталды. Алайда, қой шаруашылығы саласындағы басқа қоғамдық ұйымдар қой экспортына тыйым салу мәселесі фермерлердің қаржылық жағдайына теріс әсер етуі мүмкін екенін жеткізіп, тыйым салуду енгізбеу жөнінде өз ұстанымдарын білдірді.

Ағымдағы жылы құрғақ ауа райы жағдайына байланысты оңтүстік өңірлерде азық бағасының өсуі байқалады. Шөптің аздығына байланысты фермерлер үлкен аумаққа жем жинауға мәжбүр, бұл жанар-жағармай шығындарын және жем бағасын арттырады.

Осылайша, жем-шөпті уақтылы дайындау және сатып алу мақсатында фермерлер төлдерін жазғы, күзгі кезеңдерде өткізуге мәжбүр болады. Сондай-ақ, пандемияға байланысты экспорттық нарықтар толық қалпына келтірілмеді. Авиатасымалдау құны 2 есе өсті. Барлық өңірлерде артық қой етін экспортқа шығаруға мүмкіндік беретін заманауи сертификатталған ет өңдеу кәсіпорындары жоқ. Фермерлер бұл қиын жағдайда тірі қойлардың экспортына тыйым салу олардың қаржылық жағдайына теріс әсер етеді деп санайды.

Сатып алу бағасының төмен болуына байланысты фермерлердің мал басын күтіп-бағуға жұмсаған шығындары өтелмейді және олар мал басын ұлғайтуға мүдделі болмайды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ауыл шаруашылығы және қаржы министрліктерінің бірлескен бұйрығына сәйкес аналық ұсақ мүйізді мал басын шығаруға тыйым салынған.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі қой шаруашылығын дамыту үшін арнайы мемлекеттік көмек көрсетілетінін хабарлаған болатын. Асылдандыру жұмыстары, асыл тұқымды мал басын сатып алу, бордақылау алаңдарына немесе етті қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізілген қошқарлардың құны субсидияланады, сондай-ақ шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтер субсидияланады.

Тараптардың пікірлерін ескере отырып, ведомствоаралық комиссия тірі қойлардың экспортына толық тыйым салу мәселесі ертерек деп санайды.

Талқылау қорытындысы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігіне ағымдағы жылдың күзінде қой етін өндіру және сату секторының теңдестірілуін қамтамасыз ету мақсатында тірі малды экспорттауды квоталау тетігін енгізу тапсырылды.

 

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Үстемеақы беру үшін медицина қызметкерлерінен пара алғандар әшкереленді

Үстемеақы беру үшін медицина қызметкерлерінен пара алғандар әшкереленді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Мұғалімдерге сыйлық жасауға бола ма: Министрлік пікір білдірді

Мұғалімдерге сыйлық жасауға бола ма: Министрлік пікір білдірді

4 года ago
Жамбылда Шу өзенінің арнасын шынында кәсіпкер бұрып алған ба?

Жамбылда Шу өзенінің арнасын шынында кәсіпкер бұрып алған ба?

2 месяца ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In