• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Үкімет басшысы ипотека алушылардың борыш жүктемесіне қатысты түсінік берді

by Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
Үкімет басшысы ипотека алушылардың борыш жүктемесіне қатысты түсінік берді
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қарыз алушы шарттың талаптарын орындамаған кезде оған өзінің қаржылық жағдайын жақсартқанға дейін банктік қарыз бойынша кейінге қалдыруды ұсыну мүмкіндігіне қатысты депутаттық сауалға жауап берді.

«2009 – 2021 жылдар аралығында ипотекалық қарыз алушылардың борыш жүктемесін шектеуге бағытталған шаралар заңнамалық деңгейде қабылданды. «Банктер және банк қызметі туралы» Заңымен ипотекалық қарыздар бойынша міндеттеменің мерзімін өткізіліп алудың 180 күнінен кейін банктер есептеген сыйақы мен тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге тыйым салынды, валютада табысы жоқ қарыз алушыға шетел валютасымен ипотекалық қарыздар беру шектелді. Қарыздарды өтеу мерзімін өткізіп алғаны үшін тұрақсыздық айыбы мен өсімпұлдың шекті шамасы заң жүзінде белгіленді, банктер кредиттер бойынша алатын комиссиялар мен өзге де төлемдердің түпкілікті тізбесі бекітілді», — делінген А. Маминнің жауабында.

Оның айтуынша, табыс деңгейі төмен қарыз алушылардың құқықтарын қорғау үшін: банктік шоттардағы қалдықтың 50 % астам мөлшеріндегі ақшадан өндіріп алуға; жәрдемақыларды, әлеуметтік және тұрғын үй төлемдерін, білім беру салымдарын алып қоюға қосымша тыйым салулар енгізілді.

«Азаматтардың проблемалық берешегін қайта құрылымдау үшін нормативтік деңгейде проблемалық қарыз алушыларды оңалту тетігі енгізілді. Бүгінгі күні 1,9 млн азаматтың кредиттері бойынша «оңалтудан өтті» мәртебесі берілді. Қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға төлем жасау қабілетін қалпына келтіру және қарыздар бойынша өз міндеттемелерін орындауын жалғастыру мүмкіндігін беру мақсатында биылғы 24 мамырда заңнамалық түзетулер енгізіліп, 2021 жылғы 1 қазаннан бастап банктер және микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) үшін азаматтардың кредиттер бойынша проблемалық берешегін реттеудің бірыңғай әрі міндетті тәртібі енгізілді. Енді банктер және МҚҰ қарыз бойынша мерзімін өткізіп алу орын алған сәттен бастап қарыз алушы — жеке тұлғаның өтініші негізінде қарыз алушының қаржылық жағдайына талдау жүргізу арқылы борышкердің проблемалық берешегімен жұмысты бастауға әрі қайта құрылымдау шараларын әзірлеуге міндетті», — деп жазды Үкімет басшысы.

Қарызды қайта құрылымдау үшін мерзімі өткен берешекті реттеудің мынадай түрлері заңнамалық тұрғыдан белгіленді:

1) сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгерту;

2) қарыз валютасын ұлттық валютаға өзгерту;

3) негізгі борыш және сыйақы бойынша төлеу мерзімін кейінге қалдыру;

4) берешекті өтеу әдісін немесе берешекті өтеудің кезектілігін, оның ішінде негізгі борышты басымдық тәртіппен өтей отырып, өзгерту;

5) қарыз мерзімін өзгерту;

6) мерзімі өткен негізгі борышты және сыйақыны кешіру, қарызға қызмет көрсетуге байланысты тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың), комиссиялардың және өзге де төлемдердің күшін жою.

«Банк немесе МҚҰ қарызды қайта құрылымдау талаптары бойынша өтінішті қараудан бас тартқан немесе келісімге қол жеткізбеген жағдайда, қарыз алушы бір мезгілде кредиторды хабардар ете отырып, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне өтініш беруге құқылы. Ипотекалық қарыз алушыларды қорғау шарасы ретінде Агенттіктің қарыз алушының өтінішін қарау кезеңінде кредитордың халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын борышкерлердің кепілге салынған мүлкін өндіріп алу рәсімін бастауға құқығы жоқ», — деп жазды Асқар Мамин.

Еске сала кетейік, биыл қараша айында сенаторлар кейбір екінші деңгейдегі банктер жүргізіп отырған саясатқа және жеке сот орындаушыларының жұмысына наразылығын айтқан еді. Осыған орай бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутаттар Асқар Шәкіров, Владимир Волков және Ләззат Сүлеймен еліміздің Премьер-Министрінің атына депутаттық сауал жолдады.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Данияр Елеусінов чемпиондық атақты жеңген соң алдағы жоспарымен бөлісті

Данияр Елеусінов чемпиондық атақты жеңген соң алдағы жоспарымен бөлісті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Елімізде 38 университет бұдан былай 150-ден астам мамандықты оқытпайды

Елімізде 38 университет бұдан былай 150-ден астам мамандықты оқытпайды

4 года ago
Қарағандының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына айыппұл салынды

Қарағандының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына айыппұл салынды

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In