Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Тұрымбекова Мейрамкүл Елбосынқызы 2025 жылдың 5 айындағы негізгі индикаторлық көрсеткіштердің орындалу барысы, межеленген көрсеткіштерге қол жеткізу жоспары және 2025 жылғы 5 айдың қорытындысымен аудан бюджетінің кіріс және шығыс бөліктерінің орындалуы жөнінде баяндама жасап, есеп берді
Аудан басшысы Ерлан Нұрмаханов бюджет жоспарының толық әрі уақтылы орындалуын қатаң бақылауға алуды және бұл бағыттағы жұмыстардың тұрақты түрде жүргізілуін аудан әкімінің орынбасарына жүктеді.
Сондай-ақ аудан әкімі ауыз сумен қамту мәселесіне ерекше назар аударып, бірқатар ауылдық елді мекендердегі (Ақбастау, Ағыбет, Боралдай) ауыз су берудегі кемшіліктерді сынға алды. Сонымен қатар, Боралдай елді мекенінде екі апта бұрын тапсырылған орталық су жүйесінің іске қосылмауы мен Бірлік елді мекеніне орнатылуы тиіс су сүзгіш құрылғысының уақытында орнатылмағаны үшін жауаптылардың тәртіптік жауапкершілігін қарауды тапсырды.
Мәжіліс соңында аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов барлық бөлім, мекеме және ауылдық округ әкімдеріне берілген тапсырмалардың сапалы және белгіленген мерзімде орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Тағы бір айтары, Ерлан Нұрмаханов барлық мердігер мекемелерден бюджет қаражатын тиімді және есепті жұмсауды талап етті.
– Сапасыз жұмыс – халықтың сеніміне селкеу түсіреді. Уақыт пен қаражат – текке шашылатын нәрсе емес. Барлық кемшіліктерді дереу түзетіп, жоспарланған мерзімге сай пайдалануға беруді қамтамасыз етіңдер! – деп қатаң тапсырма Шаян ауылындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралау барысында.
Аудан басшысы ең алдымен жаңа инфрақұрылымдық аумақта салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің қазіргі жай-күйімен танысты. Құрылыс барысын өз көзімен көрген әкім жауапты мердігерлердің атқарып жатқан жұмыстарының сапасына сын айтып, кемшіліктерді тез арада қайта қалпына келтіруді тапсырды. Аталған кемшіліктер орындалмаған жағдайда аудан әкімінің салаға жауапты орынбасарына заң аясында тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.
Құрылыс сапасының төмендігі мен белгіленген мерзімдердің бұзылуына байланысты мердігерлерге қатаң ескерту беріп, кемшіліктерді тез арада қалпына келтіруді талап етті.
Әрі қарай құрылысы жүргізіліп жатқан 300 орындық жаңа мектептің құрылысымен аралады. Жайлы әрі заманауи талаптарға сай білім ордасының сапалы салынуы – аудан басшысының басты назарында екендігін атап өтті. Құрылыс жұмыстарының баяу жүруі мен бірқатар техникалық сәйкессіздіктерге қатысты бұл нысан бойынша да нақты тапсырмалар берілді.
Іс-сапар соңында Қ.Спатаев көшесіндегі көпқабатты үйлер құрылысы да назардан тыс қалмады. Бұл жерде де бірқатар ақаулар анықталып, жауапты құрылыс мекемелеріне жұмыстарды қайта қарап, сапаны арттыру жөнінде нақты талаптар қойылды.
Аталған нысандар аудан тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталғандықтан, олардың сапалы әрі уақытылы аяқталуы – басты басымдықтардың бірі.
Сондай-ақ Бәйдібек ауданы әкімдігінде «мемлекеттік бюджеттен субсидия алған салық төлеушілерді әкімшілендіру, тиісті салық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ жалдамалы жұмысшыларды толық түгендеу мәселелері» бойынша жиын өтті.
Жиынға ауылдық округтердің әкімдері, салық инспекторлары, сондай-ақ аудандық тиісті мекемелердің жауапты мамандары қатысты.
Жиын барысында Бәйдібек аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Сұлтанбек Ердіқалықов баяндама жасап, жоғарыда аталған бағыттар бойынша қазіргі ахуал, проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары туралы ақпарат берді. Ол өз сөзінде субсидия алған әрбір шаруашылық субъектісі салық заңнамасының талаптарына сай міндетті төлемдерді уақтылы және толық көлемде төлеуі қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар, тіркелмеген жалдамалы жұмысшыларды анықтау және олардың заңды есепке алынуын қамтамасыз ету жұмыстарының маңыздылығына тоқталды.
Жиын соңында ауылдық округ әкімдері мен салық органдарына бірлесіп жұмыс атқару, түсіндіру жұмыстарын күшейту, салық төлеушілермен жеке жұмыс жүргізу және жалдамалы жұмысшылар бойынша нақты мәліметтер базасын қалыптастыру тапсырылды.
Фото: GOV.KZ