• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл

Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес — ізгілік жолындағы қоғам келешегінің кепілі

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық пен булингтен зардап шеккендерге көмек көрсететін 111 сенім телефонының іске қосылғанына жарты жыл уақыт өтіпті. Орталыққа осы күнге дейін 10 мыңнан астам адам жүгінген екен.

by Jasyn
09/08/2024
in • Зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл
0
Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес — ізгілік жолындағы қоғам келешегінің  кепілі
0
SHARES
24
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 2014 жылдың қазан айынан бастап осы уақытқа дейін 1290 қызмет алушы қабылданған. Оның 392-сі әйел, 898-і бала. Қазіргі таңда орталықта жеті әйел, 25 бала қызмет түрін алуда. Ал, былтыр орталыққа 160 адам қабылданған болатын. 43 әйел, 117 баланы құраған. Қызмет алуышылардың ішінде 16 әйел, 45 бала үйіне оралды. Ал сегіз әйел, 15 бала жалдамалы пәтерлерді паналады. «Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Айдана Биғабыл тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары кәмелетке толмаған балаларымен бірге орталық қызметіне тәулік бойы және демалыссыз жүгіне алатынын айтады.

Отбасы, ошақ қасындағы оқиғалар көбіне-көп «жабулы қазан жабулы күйінде» қалатынын қоғам қалыпты жағдай ретінде қабылдап келді. Алайда, жыл сайын “қорғаушым, тірегім, серігім” деген ең жақын адамдардың зорлығы мен қорлығынан дәл біздің елімізде жүзге жуық қыз-келіншектер мерт болып, қаншамасы өз-өзіне қол жұмсауға дейін барды.

Астана қаласында соңғы 5 айдың ішінде 2 мыңнан астам  жаннан қоңырау келіп түсіп, зорлықтан құтқаруды өтінген. Өкініштісі, білегінің күшін нәзік жанды әйеліне батырып, таяқтап, бассыздыққа салынып баласын сабайтындар елімізде күн санап көбейіп барады.

— Мемлекет басшысы қол қойып, сиясы кеппеген «Әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» жаңа Заң мұндай өкінішті көрсеткіштің кемуіне көмектеседі деп ойлаймыз, — дейді Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай. — Заңды Мәжіліс депутаттары 2023 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысының тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жауапкершілікті күшейтуді тапсырған Жолдауынан кейін бірден әзірлеген болатын. Оны дайындауға Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, сондай-ақ Ұлттық құрылтайдың мүшелері белсене атсалысты.  Парламент Мәжілісіндегі талқылаулармен қатар, Сенатының қабырғасында ғана жиырмаға жуық жұмыс отырыстары өтіп, жан-жақты талқыланды. Сондықтан иіні қанған заңдардың бірі деуге толық негізі бар.

Негізгі заңнамалық жаңашылдықтарға тоқталсақ,  тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминализациялау, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлері үшін жазаны күшейту және онымен күресу бойынша алдын алу шараларының тұтас кешені бар.

Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекет басшысы бұл мәселеге баса назар аударып келеді.

Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен кешенді күрес — ізгілік жолындағы қоғам келешегінің  кепілі екенін атап өтті.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Tags: Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауСенат депутаты Бибігүл Жексенбайтұрмыстық зорлық-зомбылыққа жауапкершілікті күшейту
Jasyn

Jasyn

Next Post
Тасқын судан зардап шеккен өңірлерде оқушылар ҰБТ-ға дайындала алмайды

Тасқын судан зардап шеккен өңірлерде оқушылар ҰБТ-ға дайындала алмайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес — ізгілік жолындағы қоғам келешегінің  кепілі

Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес — ізгілік жолындағы қоғам келешегінің кепілі

1 год ago
Жамбылда жыл басынан бері 146 көлік өртену жағдайы тіркелді

Жамбылда жыл басынан бері 146 көлік өртену жағдайы тіркелді

6 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In