Оның ішінде:
— тауарларға арналған ілеспе жүк құжаттарсыз, тиісті лицензиясыз сақтаған 5,7 мың бөтелке, құны 4,4 млн. теңге, әр түрлі атаудағы алкоголь өнімдері;
— сәйкестендіру құралдарымен таңбаланбаған 5,2 мың қорап, құны
1,8 млн. теңге, «Оris», «Oscar», «Zumerret», «Mondeo» маркалы темекі өнімдері анықталды.
Аталған заң бұзушылықтарын 2024 жылдың 4 және 5 сәуірінде Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Созақ, Ордабасы және Түлкібас аудандық басқармаларының қызмекерлерімен бірлескен рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде анықтады.
Аталған фактілер бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463, 283, 283-1 баптары бойынша әкімшілік іс-құжаттар жинақталып, сотқа жолданды.
Салық төлеушілерге құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлар тәркіленіп, 50-ден 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін айыппұл салынады.