• RU
Суббота, 5 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Қайырымдылық

Түркістанда қайырымды жандар көп

Қайырымдылық – адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Қайырымдылық мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі болып табылады. Сондықтан да əрбір жан иесі қайырымдылық істеріне араласып, Жаратушының разылығын аңсаған халде бар ықыласымен мұқтаж жандарға қол ұшын беруі өте сауапты іс.

by Jasyn
27/08/2024
in • Қайырымдылық
0
Түркістанда қайырымды жандар көп
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Қайырлы істің қайырымы мол» демекші, облыстық мәслихат төрағасы  Нұралы Әбішевтің бастамасымен мәслихат депутаттары Отырар ауданында тұратын көп балалы Әлімбековтер отбасына 4 бөлмелі үй сатып алып берді.

​​Облыстық  мәслихат депутаттары А. Салимов, Е. Хандиллаев және Отырар ауданының әкімі Қ. Жолдыбай қуанышқа ортақтасып, Әлімбековтер отбасына баспана кілтін салтанатты түрде табыстады.

​Салтанатты шарада халық қалаулысы  Алмас Салимов сөз сөйлеп, баспаналы болу әр отбасы үшін үлкен мереке  екендігін айта келе, қуаныш иелерін қоныстойларымен құттықтады.

— Түркістан облыстық мәслихаттың депутаттары және мәслихат төрағасы Нұралы Әлмаханұлы Әбішев осы бастаманы қолдап, бәрі өз үлестерін қосып, нәтижесінде үй алуға 6 миллион теңгедей жиналды. Осы іске көмектесіп, қол ұшын созған жомарт жандардың барлығына мың алғыс. Енді осынау баспанаға ие болған осы отбасыдағы алты баланы болашағы жарқын болсын, алаңсыз білім алып, елге адал қызмет ете берсін және отбасы иесі Ардақ бауырымыздың денсаулығы дұрысталып, дертінен жазылып кетсін деп тілейміз, — дейді Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Алмас Салимов.

Баспаналы болған Әлімбеков Ардақ Ермаханұлы жұбайымен 3 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отырған көп балалы отбасы иесі. Осы күнге дейін бұл отбасы туысының үйін паналап келіпті. Отағасы Ардақ Ермаханұлы сирек кездесетін дертпен ауырады. Екінші топ мүгедегі. Үш жылдан бері осы ауыр дертке шалдығып, өздігінен жүре алмайды. Балдаққа сүйеніп жүреді.

Ол облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының жеке қабылдауында болып, денсаулығына байланысты шетелде емделуге квота беру және тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы өтініш білдірген болатын. Облыс басшысы алғашында оның сауықтыру орындарында ем алуына қол ұшын созған. Кейінгі қабылдауында үй мәселесі көтерілген екен. Көп ұзамай халық қалаулылары бірауыздан осы игілікті іске ат салысып, мұқтаж отбасыға үй сыйлауға шешім қабылдапты.

— Биылғы жылдың шілде айының 25-і күні облыс әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданына іссапармен келген кезде жеке қабылдауына жазылып, денсаулығым мен баспананың жағдайын айтқан болатынмын. Көмектесетінін айтып, қуантып қойған. Арада бір апта уақыт өтті. Сол бір аптаның ішінде осы баспанаға ие болдық. Қуанышымызда шек жоқ. Шынымды айтсам, баспана мәселесі бұлай тез шешіледі деп ойлаған жоқпын. Қуанышты хабарды естіген кезде не айтарымды да білмей қалдым. Аллаға сансыз шүкіршілік, бәлкім балаларымның несібесі болар, осы баспанаға ие болдық. Осы іске демеушілік жасап, баспана сыйлап отырған Түркістан облыстық мәслихатының депутаттарына және мәслихат төрағасы Нұралы Әбішевке Алла разы болсын. Осы құтты шаңырақтан өсіп-өнсек деймін, — деп ағынан жарылды Шәуілдір ауылының азаматы Ардақ Әлімбеков.

Осылайша үй иелері де халық қалаулыларына шынайы алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Отырар жерін ежелден ойшыл ғұламалардың Отаны, ғылым мен білімнің Отаны деп айтып жатады. Міне, тарихы терең Отырар өлкесі қайырымды жандарының көптігімен де ерекшеленіп тұр.

Отырарлық кәсіпкер туған жеріне ту тігіп, ауылына спорт кешенін салып бергені осы сөзіміздің жарқын дәлелі. Нақтырақ айтсақ, Отырар ауданы, Көксарай ауылында жаңадан бой көтерген спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті. Ел қуанышын еселеген шараға аудан әкімінің орынбасары Жансұлтан Сейтжанов арнайы қатысып, игілікті іске бастамашы болып, қолдау көрсеткен азамат «Толағай» ЖШС-нің құрылтайшысы Оразхан Жанысбековке алғысын айтты.

Жалпы ауданда бұқаралық спортты дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы спорттық шаралар назардан тыс қалған емес. Бүгінде аудан көлемінде спорттық сауықтыру кешендерінен бөлек ауыл тұрғындарынының өтінішіне сәйкес ашық спорт алаңшалары ашылып, жастардың дене шынықтырумен айналысып, спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасалуда. Киелі Отырар ауданының өсіп-өркендеуі, гүлденуі осы ауылдан шыққан ел ағаларының туған жеріне деген ыстық ілтипаты мен адал еңбегінің арқасында деп білемін. Бүгінгі Көксарай ауылындағы ауыл азаматтарының демеушілігімен салынған «Толағай» спорт залы сөзіміздің айқын айғағы болады деп айта аламын. Ендеше бүгінгі спорттық нысан ауыл жастарының дені сау болып өсуіне, спортпен шұғылдануына, осы ауылдан талай чемпиондардың шығуына себепкер болады деген сенімімді білдіремін, — деді ел қуанышын еселеген шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Жансұлтан Сейтжанов.

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Жансұлтан Сейтжанов кәсіпкер, «Толағай» ЖШС-нің құрылтайшысы Оразхан Жанысбековке аудан әкімінің алғыс хатын табыстап, иығына зерлі шапан жапты.

Белгілі кәсіпкер Оразхан Кенжеғұлы Жанысбеков бұған дейін де жерлестеріне қолдау көрсетіп, тұрғын үй алып беріп, ауылдың көгалдандыру жұмыстарына да атсалысып ауыл халқының ризашылығына бөленіп жүрген азамат. Сондықтан жиын барысында ұйымдастыру алқасының төрағасы Оралбай Өкшебаев кәсіпкердің осынау қайырымды істерін тілге тиек етіп, ауыл азаматтарының атынан шынайы алғысын білдірді.

Мұнан соң ауыл қариясы Мүтән Раманқұлов елінің бағына туған ерлерді қалай құрметтесе де жарасатынын айтып, ақ батасын берді. Салтанатты шарада жаңа спорт кешенінің лентасы қиылып, аудан өнерпаздары әннен шашу шашты.

Жыл басында бастау алған спорт кешеніне кәсіпкер 297 миллион теңге қаржысын жұмсаған. «Толағай» спорт кешенінің жалпы ауданы 550 шаршы метрді құрайды. Кешенде бір мезетте 100 спортшының жаттығу жасауына жағдай жасалған. Құрылыс жұмыстары биыл жыл басында басталған.

Кешеннің ашылу салтанатынан кейін қазақ күресінен 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында республикалық «Көксарай кубогы» ашық турнирі өтті. Жарысқа Түркістан облысының аудан қалаларынан бөлек, Шымкент қаласы мен Қызылорда, Жамбыл облыстарының спортшылары қатысып, өзара бақ сынады.

Шынында қазақтың кең даласы әрдайым өзгеге көмек беруге дайын тұратын, игі істердің бастаушысы болатын жомарт жандардан кенде емес. Мейірімді, бауырмал, қайырымды, жомарт адамдар – кез келген қоғамның негізгі тірегі. Бұл жерде тек бастама көтеріп қана қоймай, ісіңмен үлгі болуың маңызды. Қайырымдылық жасау қалтаның қалыңдығына емес, кісінің рухани байлығына байланысты. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадисінде «Бауырыңның жүзіне күле қарағаның – садақа» дейді. Бізде тек кәсіпкерлер ғана емес, қарапайым адамдар да көп сауапты іс жасайды. Соларды насихаттауымыз керек. Көшедегі арықты тазалап, үй салғанға қол көмегін беріп, той-жиын жасап жатқан ағайынға отын жарып, суын тасып берген де – халқымыздың қайырымдылық дәстүрлері. Сол ұлттық мінезімізді қайта жаңғырту керек. Үлкендердің батасын алып, қарапайым жұрт алғысына бөленгеннен артық бақыт жоқ.

Бұған дейін Сауран ауданы Шорнақ ауылының тұрғыны Алмат Нұрымбетовтың бастамасымен жағдайы төмен 2 отбасыға баспана берілген болатын. Бұл қайырымдылық іске ауылдың белсенді жастары, аудандық депутаттар мен кәсіпкерлер атсалысты.

Сондай-ақ, Сауран ауданының тумасы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Баймахан Сүлейменов өз демеушілігімен көпбалалы екі отбасыға баспана кілтін табыстап, тұрмысы нашар жандарды зор қуанышқа бөлеген болатын.

Жалпы, жұртқа қайырымдылық жасау – мұсылмандық әрі азаматтық борыш. Мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді ғой. Міне, Түркістан облысында жүрегі мейірім мен шапағатқа толы осындай азаматтар өте көп.

Фото: Түркістан Өңірлік Коммуникация Қызметі

 

Tags: «Көксарай кубогы» ашық турнир«Толағай» ЖШС«Толағай» спорт кешеніқайырымдылықоблыстық мәслихат төрағасы Нұралы ӘбішевОразхан ЖанысбековТүркістан
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жамбылда 4 млн-нан астам малдың 764 000 басы жоқ боп шықты

Жамбылда 4 млн-нан астам малдың 764 000 басы жоқ боп шықты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбылдық полицейлер өртеніп жатқан көліктегі отбасына көмектесті

Жамбылдық полицейлер өртеніп жатқан көліктегі отбасына көмектесті

1 год ago
Жамбыл облысында жарықтың өшуіне қарғаны кінәлаған әкім желіде жұлдыз болды

Жамбыл облысында жарықтың өшуіне қарғаны кінәлаған әкім желіде жұлдыз болды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In