• RU
Четверг, 9 октября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты

Түркістанда денсаулық саласында 6 ірі жоба іске асырылмақ

Түркістан облысында биылғы жылыту маусымына бюджеттен жеткілікті қаржы бөліп, дайындықты ерте бастан бастады. Биылғы жылыту маусымы 15 қазан мен 1 қараша аралығында басталады деп жоспарлануда. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Роза Олжабайқызы баспасөз жиынында баяндады

by Jasyn
06/10/2025
in • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану салық саясаты
0
Түркістанда денсаулық саласында 6 ірі жоба іске асырылмақ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Облысқа жылыту маусымына жалпы көлемі 594,3 мың тонна көмір қажет. Қатты отынды жеткізумен аймақтағы 28 өңірлік оператор айналысады. Қазіргі таңда облыстағы көмір сақтау қоймаларында 94 мың тонна көмір бар. Басқарма тарапынан жасалған талдауға сәйкес, Шұбаркөл маркалы көмірдің орта бағасы сортына қарай тоннасына 21-25 мың теңгені құрап отыр. Облысқа қажетті 8 мың тонна әлеуметтік мазутты ҚР Энергетика министрлігі тарапынан тасымалдаушы операторлар анықталып, бағасы бекітілген. Тасымалдау бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Облысқа бюджеттік мекемелерге 3,1 млн литр дизель отыны қажет, оның қазіргі таңда тасымалданғаны 1,1 млн литр. Облыстағы негізгі ірі энергия көзі болып табылатын мекемелер бойынша алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары аясында кестеге сәйкес, 1 жылу-энерго орталығында, 7 қазандықта, 2 турбинада, 44,8 шақырым жылыту желілерінде жөндеу жұмыстары жоспарланған. Ағымдағы жағдай бойынша 4 қазандықта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жылу-энерго орталығының 2 қазандығы және 2 турбинасы, сондай-ақ орталықтандырылған 3 қазандық бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда жылыту желілердің 44,2 шақырымы ауыстырылды» — деді спикер.

Түркістан облысында денсаулық сақтау саласының жұмысын ілгерілету, жергілікті тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында ауқымды жұмыстар қолға алынған.

Тағы бір айтары, бүгінде Түркістан қаласында 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар облыс орталығында Біріккен Араб Әмірлігінің «Абу-Даби» қорының демеушілігімен 80 орындық перзентхана бой көтеруде. Нысанды келесі жылы пайдалануға беру көзделген.

Сарыағаш ауданында перинаталды орталығы бар көпбейінді аурухана құрылысы қолға алынбақ. Мақтааралдағы Атакент кентінде 210 орындық аудандық аурухананың құрылысының жобасы, Ордабасыдағы Темірлан ауылында 200 төсек орындық заманауи перинаталдық орталықтың құрылысының жобасы әзірленді. Сауран ауданы, Шорнақ ауылында 500 келушіге арналған емхана құрылысы жобасын мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында іске асыру бойынша жұмыстар атқарылуда.

Былтыр облыс аумағында жалпы 55 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны салынды. Атап айтқанда, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында өңірде 49 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға тапсырылды. Одан бөлек, жергілікті бюджет есебінен Сарыағаш ауданында 3 дәрігерлік амбулатория, Қазығұрт ауданында 1 фельдшерлік акушерлік пункт, 1 медициналық пункт, Сауран ауданында 1 фельдшерлік акушерлік пункт құрылысы жүргізілді. 2025 жылы дайын ғимаратты сатып алу практикасын қолдана отырып, 32 нысанның құрылысы іске асырылуда.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында 2022 жылы Ордабасы аудандық ауруханасы, 2023 жылы Жетісай аудандық орталық ауруханасы, 2024 жылы Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы толық күрделі жөндеуден өтті.

Сонымен қатар Шардара аудандық орталық ауруханасына қарасты «Қазақстан» ауруханасы, Қазығұрт аудандық орталық ауруханасына қарасты «Қаратас» ауылдық емханасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сайрам аудандық орталық ауруханасында және Кентау қалалық орталық ауруханасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, фельдшерлік акушерлік пункттердің күрделі жөндеу жұмыстарын жылдың соңына дейін аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Сонымен қатар биыл «Жетісай аудандық «Асықата», Сайрам аудандық «Қарабұлақ» ауруханалары жөндеуден өтпек.

2026-2029 жылдары облыс көлемінде денсаулық саласында 6 ірі жоба іске асырылмақ. Әлеуметтік нысандардағы құрылыс жұмыстары облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің жіті байылауында тұр.

Фото: Түркістан Өңірлік Коммуникация Қызметі

Tags: «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобаденсаулық саласыТүркістан облысы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін триллион теңгеден асады

Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін триллион теңгеден асады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстанда 20 жыл ішінде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді

Қазақстанда 20 жыл ішінде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді

4 года ago
Базарда болған оқиға

Базарда болған оқиға

8 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In