Қазіргі таңда Бекзат тұрғын алабында ұзындығы 8,4 шақырымды құрайтын 5 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жөндеу барысында жол негізін дайындау, ірі және ұсақ түйіршікті асфальт жабындысын төсеу, жол жиектерін ретке келтіру, сондай-ақ бір жақты аяқжол салу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Отырар тұрғын алабында жалпы ұзындығы 24,6 шақырым болатын 28 көшені орташа жөндеу жұмыстары қолға алынған. Бұл көшелердің қатарында Шаян, Ойсылқара, Келес және оларға іргелес өзге де көшелер бар.
Айта кетейік, Түркістан қаласы аумағында жалпы ұзындығы 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. 2024 жылдың қорытындысы бойынша олардың 50,3 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда деп бағаланған. Биыл қосымша 138,5 шақырым жолды орташа жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Аталған жұмыстар толық орындалған жағдайда, қаладағы жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 66,7 пайызға жетеді.
Түркістан қаласында жоспарға сәйкес, ұзындығы 1,3 шақырымды құрайтын жолға екі қабатты асфальт төселіп, жарықшамдары орнатылған. Бүгінде жолдың екі жағынан аяқжол төсеу жұмыстары жүріп жатыр.
Сондай-ақ, Бекзат тұрғын алабында жалпы ұзындығы 8,4 шақырымды құрайтын 5 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу барысында жол негізін әзірлеу, ірі және ұсақ түйіршікті асфальт жабындысын төсеу, жол жиектерін ретке келтіру, сондай-ақ бір жақты аяқжол салу жұмыстары атқарылуда. Одан бөлек, Отырар тұрғын алабында да ауқымды жөндеу жұмыстары қолға алынған. Онда Шаян, Ойсылқара, Келес және оларға іргелес көшелерді қамтитын, жалпы ұзындығы 24,6 шақырымды құрайтын 28 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Шаһарда жол инфрақұрылысымен қатар тұрғын үй құрылысы да қарқын алып келеді. Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Әбілсейіт Байсейітұлы 5 қабатты 22 кредиттік тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болып, мердігер мекеме өкілдерімен кездесті. Жалпы аумағы 8,4 гектарды құрайтын кешенде 880 пәтер салынып жатыр. Қазіргі таңда негізгі құрылыс жұмыстары басталған. Нысандарды аралау барысында қала әкімінің орынбасары мердігер ұйымдарға жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Бұдан бөлек Түркістан облысында денсаулық сақтау саласының жұмысын ілгерілету, жергілікті тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында ауқымды жұмыстар қолға алынған.
Бүгінде Түркістан қаласында 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар облыс орталығында Біріккен Араб Әмірлігінің «Абу-Даби» қорының демеушілігімен 80 орындық перзентхана бой көтеруде. Нысанды келесі жылы пайдалануға беру көзделген.
Сарыағаш ауданында перинаталды орталығы бар көпбейінді аурухана құрылысы қолға алынбақ. Мақтааралдағы Атакент кентінде 210 орындық аудандық аурухананың құрылысының жобасы, Ордабасыдағы Темірлан ауылында 200 төсек орындық заманауи перинаталдық орталықтың құрылысының жобасы әзірленді. Сауран ауданы, Шорнақ ауылында 500 келушіге арналған емхана құрылысы жобасын мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында іске асыру бойынша жұмыстар атқарылуда.
Былтыр облыс аумағында жалпы 55 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны салынды. Атап айтқанда, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында өңірде 49 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға тапсырылды. Одан бөлек, жергілікті бюджет есебінен Сарыағаш ауданында 3 дәрігерлік амбулатория, Қазығұрт ауданында 1 фельдшерлік акушерлік пункт, 1 медициналық пункт, Сауран ауданында 1 фельдшерлік акушерлік пункт құрылысы жүргізілді. 2025 жылы дайын ғимаратты сатып алу практикасын қолдана отырып, 32 нысанның құрылысы іске асырылуда.
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында 2022 жылы Ордабасы аудандық ауруханасы, 2023 жылы Жетісай аудандық орталық ауруханасы, 2024 жылы Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы толық күрделі жөндеуден өтті.
Сонымен қатар Шардара аудандық орталық ауруханасына қарасты «Қазақстан» ауруханасы, Қазығұрт аудандық орталық ауруханасына қарасты «Қаратас» ауылдық емханасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сайрам аудандық орталық ауруханасында және Кентау қалалық орталық ауруханасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, фельдшерлік акушерлік пункттердің күрделі жөндеу жұмыстарын жылдың соңына дейін аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Сонымен қатар биыл «Жетісай аудандық «Асықата», Сайрам аудандық «Қарабұлақ» ауруханалары жөндеуден өтпек.
Фото: Түркістан Өңірлік Коммуникация Қызметі