Түркістан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның айтуына қарағанда отбасын қолдау орталықтары 12 аудан, қалада ашылған.
Оның ішінде коммуналдық мемлекеттік мекемесі ретінде Жетісай, Келес, Сайрам, Шардара аудандарында қызмет көрсетсе, аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты кіші сектор ретінде Мақтарал, Қазығұрт, Отырар, Сарыағаш, Сауран, Созақ аудандары мен Арыс, Түркістан қалаларында жұмыс атқаруда. Түрлі қиындыққа тап болған аналар мен балаларға, отбасыларға қолдау көрсететін орталықтардың маңызы зор.
Фото: ҚазАқпарат