• RU
Среда, 17 сентября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану

Тұрғындарға жағдай жасау – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті

Мемлекет басшысының халыққа Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында Түркістан облысында кәсіпкерлік саласын қолдау мен дамыту жұмыстары қарқын алуда.

by Jasyn
16/09/2025
in • Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бюджет қаражатын ұтымды және есепті пайдалану
0
Тұрғындарға жағдай жасау – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Биылғы жылдың алғашқы сегіз айының өзінде облыс кәсіпкерлеріне 18 мыңға жуық кеңес беріліп, 1 770 бизнес-жоспар әзірленген. Бұл жұмыстарға «TÚRKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мұрындық болып отыр. Орталықтың тікелей сүйемелдеуімен жалпы құны 8,8 миллиард теңгені құрайтын 735 жоба іске асып, соның нәтижесінде 205 жоба нақты жүзеге асқан. Осы арқылы өңірде 2 000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылған.

Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен кеңейтілген жиында мәлім болды. Жиын барысында аймақ басшысы кәсіпкерлікті дамытудағы бірқатар өзекті мәселелерге назар аударып, аудан-қала әкімдерінің жұмысын сынға алды.

– Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында: «Кәсіпкерлер – еліміздің цифрлық дамуының қозғаушы күші болуы тиіс» деп атап өтті. Осы салаға қатысты нақты тапсырмалар берілді. Осы орайда кәсіпкерлерді осы бағытта белсенді дамуға шақырамын. «TURKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мемлекеттік қызметтердің барлығын толықтай цифрлық форматқа көшіруі қажет. Бұл ретте жасанды интеллект пен басқа да озық технологияларды тиімді пайдалану міндетті. Сонымен бірге облыс көлемінде шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған нақты әрі нәтижелі іс-шаралар қабылдау керек. Жергілікті тұрғындардың табысты әрі ауқатты болуына жағдай жасау – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті. Аудан байыса – облыс байиды, облыс байыса – халықтың әл-ауқаты артады. Осыны нақты есте сақтаңыздар. Жұмысты үйлестіріп, жанашырлықпен, елге деген адал ниетпен атқару қажет. Нақты нәтижеге жетелейтін көрсеткіштер қажет, – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров.

Әкімнің айтуынша, кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қызметтер толықтай цифрлық форматқа көшірілуі тиіс. Бұл ретте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды тиімді пайдалану қажеттігі айтылды. Сонымен қатар шағын және орта бизнесті қолдау бағытында нақты әрі пәрменді іс-шаралар қолға алынуы керек екені де ескертілді. Кәсіпкерлерге берілетін қаржылай қолдау шараларын кеңінен насихаттап, тек кеңеспен шектелмей, нақты және тұрақты қолдау көрсету жүйесін қалыптастыру қажеттігін айтты.

Жиында облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, орталық сүйемелдеуімен түрлі салада ірі жобалар жүзеге асып жатыр. Атап айтқанда, 2025 жылы күріш өнімдерін өңдеу жобасы, қымыз және сүт өнімдері цехы, мақта тұқымын өңдеу және мия тамырын қайта өңдеу зауыттары, сұйық мақта майын өндіру, металл және ауыл шаруашылығы техникасына арналған бөлшектер шығару, жоңышқа өндірісі, вагондарды жөндеу жобалары іске қосылмақ.

Облыс аумағында қазіргі таңда 214 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Орталықтың басты мақсаты — кәсіпкерлерге сапалы ақпараттық қолдау көрсету, жобаларды сүйемелдеу және кәсіби даму мүмкіндігін арттыру. Кәсіпкерлік процесін толық автоматтандыру үшін арнайы CRM-платформа енгізілуде. Бұл жүйе арқылы әр кәсіпкердің жеке базасы жасалып, көрсетілетін қызмет сапасы нақты көрсеткіштермен өлшенеді. Сонымен қатар, есеп берулер автоматты түрде құрастырылатын болады.

Орталық сонымен қатар «Іскерлік байланыстар» және «Аға сеньорлар» халықаралық бағдарламалары аясында Германия мен Жапония елдерінде кәсіпкерлердің тағылымдамадан өтуіне мүмкіндік жасауда. Жоспарланған іс-шаралар қатарында кәсіпкерлерге арналған форумдар өткізу, кәсіпкерлік мектебін ашу мен шетелдік инвесторлармен жұмыс жүргізуді жолға қою сынды маңызды бастамалар бар.

Фото: Төлеби Ауданы Әкімдігі

Tags: «TURKISTAN» кәсіпкерлербизнес-жоспаркәсіпкерлік мектебін ашуНұралхан КөшеровТүркістан облысыТұрғындарға жағдай жасау
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жобалар есебінен бюджетке 260 млн теңге салық түседі

Жобалар есебінен бюджетке 260 млн теңге салық түседі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

35 жасқа дейінгі 709 жас  есепте  тұр

35 жасқа дейінгі 709 жас есепте тұр

10 месяцев ago
Таразда 10 жасар қырағы бала полиция қызметкерлеріне ауыр қылмысты ашуға көмектесті

Таразда 10 жасар қырағы бала полиция қызметкерлеріне ауыр қылмысты ашуға көмектесті

12 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In