• RU
Четверг, 9 октября, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Бюджеті қаражатын ұтымды және есепті пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы салық саясаты

Тұрғындардың тұрақты табысқа қол жеткізуіне мүмкіндік береді

Түркістан облысы Келес ауданында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін инвестициялық жобалардың орындалу барысын зерделеу мақсатында кеңейтілген жиын өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаев төрағалық етті. Шараға сондай-ақ Түркістан облысы прокурорының инвестициялық жобалар жөніндегі аға көмекшісі Нұрлан Мұстафаев, бөлім басшылары және инвесторлар қатысты.

by Jasyn
23/09/2025
in • Бюджеті қаражатын ұтымды және есепті пайдалану өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы салық саясаты
0
Тұрғындардың тұрақты табысқа қол жеткізуіне мүмкіндік береді
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Аудан аумағында Ұлттық инвестициялық жобалар пулына енгізілген екі жоба жүзеге асырылуда. Біріншісі – «Эко-культура Евразия» ЖШС жылыжай кешені. Жоба Ақтөбе ауылдық округінде жалпы ауданы 500 гектар жерге жоспарланған. Оның бірінші кезеңінде 51,26 гектар жерге 2025 жылы жалпы құны 42 миллиард теңгені құрайтын өнеркәсіптік жылыжай кешені салынып, 1337 адам жұмыспен қамтылмақ. «Қазақстан Даму Банкі» АҚ тарапынан 23,5 миллиард теңге қаржыландыру мақұлданған.

Биыл қыркүйек айында 25 гектар жылыжай, жыл соңына дейін тағы 25 гектар жылыжай іске қосылады. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарына 70 техника мен 320 адам тартылған. Жылыжай кешені 8 блоктан тұрады, жылдық қуаттылығы 25 мың тонна қызанақ өнімін береді, Голландиялық технология енгізіледі. Ресейдің Санкт-Петербург, Тула және Солнечная Долина қалаларында 100 жұмысшы тәжірибеден өтті. Жылыжай кешенінің инженерлік инфрақұрылымына газ, электр және су жүйелері тартылуда.

Екінші жоба – ӨК «Нұрболат» тарапынан жүзеге асырылып жатқан «Азия Мед» көпбейінді аурухана құрылысы. Жоба Абай ауылында орналасқан және жалпы құны 20 миллиард теңгені құрайды. 400 орындық аурухананың құрамында кардиология, хирургия, перинаталдық орталық, зертхана және басқа да медициналық нысандар қарастырылған. Қазіргі уақытта 4 ғимараттың қабырғалары көтеріліп, шатырлары жабылған, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Екі ғимараттың алтыншы қабаты салынып, қосымша төрт ғимараттың іргетасы қалануда.

Сонымен қатар, аудан аумағында аумақтық инвестициялық жобалар пулына енгізілген бес жоба іске асырылуда. Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаев пен облыс прокурорының аға көмекшісі Нұрлан Мұстафаев инвестициялық жобаларды уақтылы іске асырудың маңыздылығына тоқталып, инвесторлардың ұсыныстарын назарға алды. Сондай-ақ жауапты бөлімдерге жобаларды қолдау бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Жалпы алғанда Келес ауданында өнеркәсіп саласында жалпы құны 9,7 млрд теңгені құрайтын алты жоба іске асырылмақ. Бұл жобалар Мемлекет басшысының өңірлердің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру, жаңа өндірістер ашу, халықты жұмыспен қамту және инвестиция тарту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында жүзеге асырылып отыр. Нәтижесінде аудан көлемінде 130 жаңа жұмыс орны ашылып, экономикаға тың серпін берілмек.

Атап айтқанда, биылғы жылы Жүзімдік ауылдық округінде құны 2,5 млрд теңге болатын ЖК «Омар» минералды су зауыты салынып, 30 адам жұмыспен қамтылады. Жыл соңына дейін Ақтөбе ауылдық округінде қуаттылығы 20 мВт болатын «АЖУР» күн электр станциясы іске қосылып, тағы 20 тұрғын тұрақты жұмысқа орналасады. Осы ауылдық округте 2025-2026 жылдары «Almaty NS-Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жалпы құны 2,5 млрд теңгені құрайтын күйдірілген қыш зауытын салуды жоспарлап отыр, нәтижесінде қосымша 30 жұмыс орны ашылады.

Өнеркәсіптік бастамалар мұнымен шектелмей, Ұшқын ауылдық округінде «НұржанKZ-2025» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі 200 млн теңгенің шұлық тігін цехын ашып, 10 адамды жұмыспен қамтымақ. Ал аудан орталығында ЖК «Бақдаулет» пластикалық ыдыстар өндіретін 300 млн теңгелік цехтың құрылысын жүргізіп жатыр, бұл жоба іске қосылғанда тағы 10 адам тұрақты табыс көзіне ие болады. Сондай-ақ Абай ауылында «Керімбай» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі 238 млн теңге көлемінде инвестиция құйып, сүт өңдеу цехын іске қоспақ, нәтижесінде 30 адам жұмыспен қамтылмақ.

Жалпы алғанда, осы алты жобаның жүзеге асырылуы Келес ауданының өнеркәсіптік әлеуетін күшейтіп қана қоймай, жаңа өндірістердің қалыптасуына, шағын және орта бизнестің дамуына, жергілікті тұрғындардың тұрақты табысқа қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаңа технологиялардың енгізілуі өндірістің сапасын арттырып, өңірге қосымша инвестиция тартуға жол ашады.

Фото: Келес Ауданы Әкімдігі

 

Tags: жылыжайөнеркәсіптік әлеуетін күшейтуөңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуыТүркістан облысы Келес ауданытұрақты табыс
Jasyn

Jasyn

Next Post
Халықтың әлеуметтік жағдайына оң ықпал етпек

Халықтың әлеуметтік жағдайына оң ықпал етпек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

АЭС-ТІҢ ЕҢ НЕГІЗГІ ЕКІ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

АЭС-ТІҢ ЕҢ НЕГІЗГІ ЕКІ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

1 год ago
Қанат Таймерденов Алматы полиция департаментінің басшысы қызметінен кетті

Қанат Таймерденов Алматы полиция департаментінің басшысы қызметінен кетті

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In