• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Мәселе

Тұрғын үй кезегіндегі 62 мың жетім баланың 809-ы ғана баспаналы болды

Мемлекет тұрғын үй, білім алу және жұмысқа орналасу кезінде жетім балаларға жеткілікті түрде қолдау жасай алмай келеді. Сенатор Геннадий Шиповских өздерінің депутаттық сауалында осы проблема туралы айтты.

by Jasyn
12/11/2024
in Мәселе, Топ
0
Тұрғын үй кезегіндегі 62 мың жетім баланың 809-ы ғана баспаналы болды
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Депутаттың айтуынша, қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаға қарамастан, жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар әлі де күрделі мәселелерден арыла қойған жоқ. Жетім балаларға баспана алуға жеңілдік қарастырылған, алайда статистика көрсеткендей, кәмелетке толғандардың бәріне бірдей баспана беріле бермейді. 2022 жылы кезекте тұрған 61 471 жетімнің 852-сі ғана баспана алды, ал 2023 жылы 62 290 мұқтаж адамның 809-ы ғана тұрғын үйге ие болды. Сенатор сондай-ақ мектеп бітіргеннен кейін көптеген жетімдер оқу орнынан кеткеннен кейін болашақ өмірін қалай жалғастыру керектігін білмейтінін атап өтті. Осыған байланысты ол білім алуға мүмкіндік беру үшін колледждер мен жоғары оқу орындарындағы жетім балаларға арналған грантқа квотаны ұлғайтуды ұсынды.

«Шешуші мәселе – жұмыспен қамтудың шешімін табу болмақ. Өкінішке орай, бүгінгі күні орта мектепті бітірген жетім балалардың жұмысқа орналасу көрсеткіші көңіл көншітпейді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сүйенсек, ағымдағы жылы мансап орталықтарының квотасы шеңберінде барлығы 4 275 адам жұмысқа орналасты, оның 85-сі ғана жетімдер. Жастар арасында жұмыспен қамту шараларымен 188 663 адам қамтылса, оның небәрі 56-сы ғана жетім балалар. Бұл мәселені көтеру себебім, өзім де ата-анадан ерте айырылып, балалар үйінің тәрбиесін көрдім және бұл мәселелерді іштен білемін десем артық болмас. Ондағы жолдастарымызбен осы күнге дейін араласып тұрамыз. Онымен қоса, менің атыма жетім азаматтардан көптеген өтініштер келіп түседі, олардың басым бөлігі жоғарыда айтылғандай баспана алу мен жұмысқа орналасуға қатысты», — деді Геннадий Шиповских.

Депутат Премьер-Министрге кәмелетке толған жетім балаларға тұрғын үйді күту мерзімін қысқартатын арнайы бағдарлама әзірлеуді, сондай-ақ оқуын аяқтағаннан кейін оларды жұмысқа орналастыру үшін дербес бағдарламаны іске қосуды ұсынды.

Фото: BAQ.KZ

 

Tags: жетім балаЖетім балаларға баспанаСенатор Геннадий ШиповскихТұрғын үй кезегі
Jasyn

Jasyn

Next Post
Ауылдардағы пошта бөлімшелері жабылып жатыр

Ауылдардағы пошта бөлімшелері жабылып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жаңа бизнес-идеялары үшін 748 жасқа грант берілген

Жаңа бизнес-идеялары үшін 748 жасқа грант берілген

8 месяцев ago
Президенті Қазақстан құрамасын жартылай финалға шығуымен құттықтады

Президенті Қазақстан құрамасын жартылай финалға шығуымен құттықтады

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In