• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Без рубрики

Түріктер Қожа Ахмет Ясауи туралы телехикая түсірді

by Jasyn
06/03/2024
in Без рубрики
0
Түріктер Қожа Ахмет Ясауи туралы телехикая түсірді
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркияда түсірілген Қожа Ахмет Ясауи туралы телехикая жақын аралықта Қазақстанда көрсетіледі. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның Түркияға жұмыс сапарының нәтижесінде осындай уағдаластыққа қол жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кетерлігі, Қожа Ахмет Ясауи өмірі туралы телесериал премьерасы Қазақстан мен Түркияда бір мезгілде өтеді деп жоспарланған. Түркия тарапы түсірген бұл телехикая «Мавера» деп аталады. Мавера – (араб тілінде «көрінетін әлемнің көрінбейтін арғы жағы» деген мағынаны білдіреді) көне Османлы тілінде қолданылған сөз. Қазақша «тылсым әлем», «қарсы жақ», «басқа дүние» деп аударуға болады. Режиссер Йүджел Хүдавердінің бұл фильмі тартымды әрі қызықты оқиғаларға толы. Ясауи туралы телехикаяны түріктер жаңа форматта түсірген. Онда Қожа Ахмет өмірінің көпшілік біле бермейтін қырлары, жалпақ жұртқа беймәлім кезеңі көбірек суреттеледі. Сондықтан да бұл телехикая Қазақстан көрермендері үшін де қызықты болары хақ. Телехикаяда Ясауидің Арыстанбаптан алған құрма дәнегінің құрма ағашына айналу оқиғасы, дәруіштер хикаясы, тарихтағы алғашқы Алып-ерендер оқиғасы тартысты беріледі. Тоқтала кететін жайт, министр Аида Балаева сапар аясында түркиялық ТРТ телерадиокомпаниясының басқарма төрағасы Ибрахим Еренмен кездескен болатын. Осы кездесуде Қазақстан мен Түркияның телевизия саласындағы ынтымақтастықты тереңдету, бірлескен жобаларды жүзеге асыру сөз болды. Атап айтқанда, тараптар түркі жұртына ортақ тарихи тұлға – Қорқыт ата туралы бірлескен сериал түсіруге уағдаласты. Бұдан бөлек, Қазақстан мен Түркия телерадиокомпаниялары балаларға арналған анимациялық және танымдық фильмдерді жасау туралы жоспарды да талқылады.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Түркістанда көкпар тыйылмай тұр

Түркістанда көкпар тыйылмай тұр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Более 10 000 педагогов пройдут обучение по организации деятельности центра педагогической поддержки родителей

Более 10 000 педагогов пройдут обучение по организации деятельности центра педагогической поддержки родителей

2 года ago
Головкин орта салмақтың патшасы атанды

Головкин орта салмақтың патшасы атанды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In