«Ескерту жүйесі, әсіресе, табиғи апат қаупі жоғары өңірлерде үнемі дайындықта болуы тиіс. Алайда қазіргі таңда бұл салада тиісті мекемеде бақылаудың әлсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялардың жұмысына салғырт көзқарас, қаржының тиімсіз жұмсалуы байқалады. Бұл жағдай халықтың қауіпсіздігіне тікелей әсер етіп, жедел шешім қабылдауды қажет етеді», – деп атап өтті сенатор.
Сенатордың айтуынша, мәселенің негізгі себебінің бірі – әкімдіктер мен төтенше жағдайлар департаменттері арасындағы жұмысты үйлестіру деңгейі төмен болып отыр. Мысалы, Түркістан облысында 2022 жылы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия бар-жоғы бір ғана отырыс өткізген, ал жоспарланған іс-шаралардың басым бөлігі жүзеге аспаған. Мұндай жағдайлар басқа өңірлерде де кездеседі, бұл азаматтық қорғаныс саласындағы жүйелі кемшіліктерді көрсетеді.
Сенатор Андрей Лукин осы мәселелерді шешу үшін еліміз бойынша төтенше жағдайлар туралы ескерту жүйесінің жай-күйіне кешенді аудит жүргізуді ұсынды.
«Ескерту жүйелерін басқаруды орталықтандыру мүмкіндігін қарастырып, оларды төтенше жағдайлар департаменттерінің балансына беру қажет. Сондай-ақ, еліміздің барлық өңіріндегі ескерту жүйелерінің жағдайын бақылау үшін бірыңғай цифрлық платформа құру керек. Бұған қоса, қаржылық заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында қолданыстағы келісім-шарттар мен мәмілелерге аудит жүргізу қажет. Ұсынылған шараларды жүзеге асыру халықтың қорғалуын күшейтіп, азаматтық қорғаныс органдарының жұмысын тиімдірек етеді», – деп атап өтті сенатор.
Фото: Ernur.kz