Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-арнасында қазіргі таңда су тасқыны болып жатқан Орал қаласының тұрғындарына арналған үндеу жарияланды.
«ТЖМ тұрғындардан дүрбелеңге түспеуді, Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарына сәйкес әрекет етуді және қажет болған жағдайда қауіпсіз жерлерге эвакуациялануды сұрайды», — делінген хабарламада. Ведомство өкілдері көмек қажет болған жағдайда «112» телефоны бойынша хабарласуға болатынын ескертті.
Еске сала кетейік, наурыз айының соңында Оралда су тасқынына байланысты жергілікті ауқымда табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Қалада еріген қар суы әкімдік ғимаратына дейін кірген болатын. 2 сәуірде Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай жарияланды.