• RU
Суббота, 5 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home білім

ТОП-5 ел қатарында: Қазақстанда кедей отбасылардан шыққан балалар жақсы оқуға көбірек ұмтылады

by Jasyn
06/03/2024
in білім
0
ТОП-5 ел қатарында: Қазақстанда кедей отбасылардан шыққан балалар жақсы оқуға көбірек ұмтылады
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушылардың академиялық тұрақтылығы және оқушы отбасының әлеуметтік-экономикалық мәртебесімен оның оқу үлгерімі арасындағы байланыс туралы айтып берді,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аймағамбетовтің сөзінше, зерттеулердің көбі отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы оқушының мектептегі үлгеріміне айтарлықтай әсер ететінін көрсетеді.

“Мысалы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы төмен балалардың оқу үлгерімі нашар. Алайда барлық оқушы қолайсыз жағдайлардың теріс әсеріне көнбейді, кейбіреулері бейімделу және кездесетін қиындықтарды жеңудің жоғары қабілеттілігін көрсетеді.

PISA зерттеуінде бұл қабілет академиялық резильенттілік, яғни төзімділік деп аталады. Академиялық тұрақты оқушылар— бұл әлеуметтік-экономикалық проблемаларға қарамастан, қиындықтарды жеңіп, мектепте жоғары үлгерім көрсете алатын студенттер”, – деді ол.

Министрдің мәліметінше, PISA зерттеуіне сәйкес, Қазақстанда білім алушының әлеуметтік-экономикалық жағдайы оның табысқа жетуіне кедергі бола алмайды. Мәселен, Қазақстанда білім алушылардың 16%-ы академиялық тұрақты (ЭЫДҰ-11,3%). Қазақстан осындай балалардың үлесі жоғары елдердің алғашқы бестігіне кірді.

“Академиялық тұрақтылыққа ие білім алушылар көбірек оқуды ұнатады, тапсырмаларды орындау үшін көп жұмыс істеуге тырысады және өз мақсаттарын қою мен оған қол жеткізудің үлкен қабілетін көрсетеді. Қазақстанның нәтижелері мұндай білім алушылардың академиялық тұрақсыз білім алушыларға қарағанда өз мақсаттарын қоюға және орындауға неғұрлым бейім екенін статистикалық тұрғыдан көрсетті”, – деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің сөзіне қарағанда, оқушылардың академиялық тұрақтылығы өздігінен қалыптаспайды, ол көптеген фактордың әсерінен дамиды. Тұрақтылық ата-ана мен мұғалімнің қолдауымен, мектептегі ынтымақтастықпен, қолайлы мектеп климатымен және оқушының өзінің қабілеттеріне деген сенімділігімен байланысты.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Алматыда «Ақын» фильмінің тұсаукесері өтті

Алматыда «Ақын» фильмінің тұсаукесері өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Банкрот болған қазақстандықтардың тізімі жарияланды

Банкрот болған қазақстандықтардың тізімі жарияланды

2 года ago
ҚР Президенті: 2022 жылды Балалар жылы деп жариялау керек

ҚР Президенті: 2022 жылды Балалар жылы деп жариялау керек

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In