• RU
Понедельник, 19 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Топ

Тойға барған бастығы емес, шопыры екен

2025 жылдың екі айында жүргізілген мониторингтің нәтижесінде Жамбыл облысындағы мемлекеттік қызметшілердің іс-әрекеттеріне қатысты барлығы 7 жағымсыз жарияланым анықталды.

by Jasyn
12/03/2025
in Топ
0
Тойға барған бастығы емес, шопыры екен
0
SHARES
59
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Оның ішінде, 5-і немесе 71,5%—ы жергілікті атқарушы органдардың, 2-і немесе 28,5%—ы орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне қатысты.

«Әдеп жөніндегі уәкілдермен тиісті мемлекеттік органдардың ұжымдарында мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы заңнама және әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатқанына қарамастан, кейбір қызметшілер заңнама талаптарын өрескел бұзуды жалғастыруда» дейді бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы С. Джузбаева.

Мәселен, 2024 жылдың 26 шілдесінде БАҚ-та мемлекеттік қызметшілерге қатысты жарияланған сыни материалдарға мониторинг жүргізу барысында Т. Рысқұлов ауданы Көгершін ауылдық округінің әкімінің әрекеттеріне қатысты сыни жарияланым анықталды. Жарияланымда көрсетілген уәждерге сәйкес іс жүзінде ауылдық округ әкімі аппаратында жұмыс істемейтін қоғамдық жұмыскерлерге айлықақы төленген.

Аталған мәселе бойынша ауылдық округ әкіміне «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған.

Сондай-ақ биылғы жылдың 29 қаңтарында «Telegram» әлеуметтік желісіндегі «ORDA.KZ» парақшасында Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне қатысты сыни жарияланым анықталды. Жарияланымда қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланғандығы туралы уәждер келтірілген. Нақтырақ айтсақ, Жамбыл облыстық сотының төрағасы Тараз қаласында мерейжасын атап өтіп, сол тойға бірқатар мемлекеттік қызметшілер қызметтік көлікпен келгені жазылған болатын.

«Қызметтік автокөлікті пайдалану мәселесі зерделеніп мемлекеттік қызметшінің немесе лауазымды тұлғаның қызметтік автокөлікті қызметтен тыс уақытта пайдалану фактісін растайтын нақты дәлелдер анықталмады. Сонымен қатар, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы 13.02.2025 жылғы № 5-тж бұйрығымен қызметтік автокөлікті жұмыстан тыс уақытта басшының рұқсатынсыз пайдаланғаны үшін автокөлік жүргізушісіне «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жазаға тартылды» дейді бұл жөнінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Р. Шарипов.

Фото: Акмолинская правда

Tags: қатаң сөгісмемлекеттік қызметшілердің іс-әрекеттері
Jasyn

Jasyn

Next Post
Талантты жастар мемлекетті басқару саласына өте қажет

Жамбылдық шенеуніктер туралы жазылған жағымсыз материалдардың жартысы рас боп шықты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жасөркен ауылында 30-дан астам үй ауласына су кірген

Жасөркен ауылында 30-дан астам үй ауласына су кірген

1 год ago
Белгілі айтыскер Әселхан Қалыбекова өмірден озды

Белгілі айтыскер Әселхан Қалыбекова өмірден озды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In