• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Экономика

Теңгенің әлсіреуі салдарынан Шымкентте ірі тоқыма фабрикасы жабылып қалды

by Jasyn
06/03/2024
in Экономика
0
Теңгенің әлсіреуі салдарынан Шымкентте ірі тоқыма фабрикасы жабылып қалды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте үй текстилін өндіретін кәсіпорын жұмысын тоқтатып, қызметкерлердің басым бөлігін ақысыз демалысқа жіберуге мәжбүр болды. Себеп қазақстандық өнімді тауарды негізгі сатып алушы Ресей нарығынан кетті. Өзге салалардағы кәсіп иелері де қиын жағдайда. Украинадағы әскери қақтығыстың салдарынан қазақстандық барлық дерлік кәсіп иелері зардап шегіп отыр, деп хабарлайды «Айбат» жаңалықтар қызметі.

Әсіресе, сыртқа тауар шығаратындар қатты зардап шегуде. Олардың ішінде өндірісті тоқтатуға мәжбүр болғандары бар. Мәселен, төсек-орын жабдығын өндіретін шымкенттік фабрика Ресей нарығына бейімделген еді. Аталған кәсіпорынның негізгі сатып алушысы — шведтік IKEA компаниясы өткен аптада Ресей нарығынан кету туралы шешім қабылдады. Шымкенттік өндіріс орны жұмысты тоқтатып, тауарларын қоймаға жіберуге мәжбүр болды.

«Тапсырыстар жойылып кетті. Олар бізге рубльмен қарыз. Оның құны түсіп кетті, енді орнын толтыра алмаймыз. Қандай да бір жолмен басқа тапсырыс аламыз деп үміттенеміз», — дейді кәсіпорын директоры Гаухар Насырова.

Тігін фабрикасының 200-ден астам қызметкері ақысыз демалысқа жіберілген. Жергілікті тапсырысты орындау үшін бірнеше қызметкер жұмыс орнында қалды. Бірақ олар компанияның барлық міндеттерін атқара алмайды. Жақын арада кәсіпорын толыққанды жұмысына қайта оралмаса, миллиондаған қарызға кірейін деп тұр.

«Валюталық айырмашылықтың өзінен 160 миллион теңге жоғалтайын деп отырмыз. Бұл 3 наурыздағы есеп. Бүгінгі күнге қарыз одан да көп болуы мүмкін. Одан бөлек, ай сайын 23 млн теңге несие төлеуіміз керек. Одан бөлек, жеткізушілерге қарызымыз бар», — дейді Насырова.

«Атамекен» Ұлттық палатасы жанындағы дағдарысқа қарсы штабтың мәліметінше, ең басты мәселе Украинадағы әскери қақтығыстардың аясында жеткізу тізбегінің үзілуі болып отыр. Шымкентте дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды шығаратын ең ірі кәсіпорын жұмысын тоқтатудың алдында тұр. Ал үй салушы компаниялар банкротқа ұшырауы мүмкін, дейді сарапшылар.

Елдегі қалыптасқан экономикалық жағдайға байланысты қазақстандық кәсіпкерлер сыртқы сауда палатасына жаппай жүгінуде. Кәсіпкерлер «форс-мажор туралы куәліктің» берілуін сұрауда. Айтуларынша, ол салық пен коммуналдық төлемдерді, несие төлемін кейінге шегеруге мүмкіндік береді.

Jasyn

Jasyn

Next Post
QAZAQ AIR Ресейге рейстерді қайта орындай бастайды

QAZAQ AIR Ресейге рейстерді қайта орындай бастайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Ауыл шаруашылығы министрі болып Ербол Қарашөкеев тағайындалды

Ауыл шаруашылығы министрі болып Ербол Қарашөкеев тағайындалды

4 года ago
БАҚ саласының өзекті мәселелері талқыланды

БАҚ саласының өзекті мәселелері талқыланды

10 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In